Биохимия пәні бойынша «ДНҚ реликациясы» тақырыбын ашық сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 26 марта 2018
Педагогика ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті Важева Н.В. наурыздың 26-шы күні 5В011200 – Химия мамандығының 3 курс студенттері ушін биохимия пәнінен «Репликация – ДНҚ-матрицадағы ДНҚ биосинтезі» тақырыбына ашық дәріс өткізді.
Дәріс тақырыбы жасушалардың бөлінуі кезінде тұқым қуалаушылық ақпараттың брілу процестерімен байланысты, яғни тірі дүниенің ең сырлы ішкі құпияларын қарастырады. Дәріс ДНҚ биосинтезі мәселесін студенттермен бірге талдау түрінде өткізілді. Студенттердің хабарламаларрында ДНҚ реплкациясын зерттеу тарихы, осы процессті зерттеудің бастапқы эпизодтары, А.Корнберг, Р.Окаяма еңбектері көрсетілді. Студенттер оқытушымен бірге тірі ағзалар жасушаларындағы ДНҚ молекуласының екі еселену процесінің механизмін қарастырып, талдады. Процеске қатысатын ферменттер комплексіне сипаттама берілді. Сабақ мазмұны үлкен қызығушылық тудырды.
Ашық сабаққа жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Ручкина Г.А., химия пәндерінің оқытушылары және биолог-студенттер қатысты.