Еңбек ардагерлері үшін арналған «Сандық Қазақстан» әлеуметтік жобасы
- Подробности
- Опубликовано: 04 апреля 2018
2018 жылдың 5 қаңтарынан 30 наурызына дейін «Сандық Қазақстан» әлеуметтік жобасының аясында зейнеткерлік жастағы еңбек ардагерлеріне арналған курстар өткізілді. 10 адам сертификат алды. Курстар М.Горький атындағы гимназияда өткізілді.
Зейнеткерлер үшін арналған әлеуметтік жоба Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті және қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп жасалды. Тыңдаушылардың негізгі көмекшілері информатика пәнінің оқытушылары Даулетбаева Г.Б., Айтбенова А.А., Цыганова А.Д. және жаратылыстану-математикафакультетінің «Информатика» мамандығының 1 курс студенттері (қазақ, орыс, көптілділік) болды.
2018 жылдың 4 сәуірінен бастап курстар қайтадан басталды. Курсқа 17 адам қабылданды.
Жобаның мақсаты: халықтың сандық сауаттылығын қалыптастыруға және жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу.
Бағдарламаның мақсаты зейнеткерлік жастағы адамдарға компьютерлік сауаттылықты ақпараттық ортаға қосу мәселесін шешу үшін оқыту; қазіргі заманғы дербес компьютерде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- жеке компьютермен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын үйрету;
- Microsoft Office бағдарламалық пакетімен таныстыру;
- күнделікті өмірде тәжірибе жинақталған білімін одан әрі пайдалану мақсатында дербес компьютерде жұмыс істеудің қажетті дағдыларын қамтамасыз ету;
- ғаламдық Интернет желісінде тыңдаушының тиімді және қауіпсіз жұмысын үйрету;
- интернет арқылы электрондық қызметтерді алу процесін зерттеу;
- интернеттегі байланыс мүмкіндіктерін кеңейту;
- ақпараттық және коммуникациялық құралдарды пайдалану технологиясын уйрету.
Курстар ҚМПУ ғимаратында әр дүйсенбіде сағат 14.30-да және сәрсенбіде сағат 13.30-да жүргізіледі.