«Білім және ғылым-2018»

12 сәуірде Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Білім және ғылым-2018» атты студенттер мен жас ғалымдардың 13-ші халықаралық ғылыми конференциясында «Информатика» мамандығының 2, 3, 4 курс студенттері конференцияға қатысты және баяндама жасады. Тақырыптары:

  • Сабит З. - «Қысқа метражды мультфильмдерді жобалау және жасау технологиясы»;
  • Смаилова Э. - «Қашықтықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары»;
  • Зиятов А. - «Android жүйесінде «INFO teacher» қосымшасын жасау»;
  • Аманжол Б. - «Қазақ тілін үйретуге арналған электронды оқулық»;
  • Байбосынова А. – Macromedia Flash ортасында бастауыш мектеп оқушыларына қосымша жасау.

Сабит Зере, Смаилова Эльвира, Аманжол Баян «Интеллектуалдық ақпараттық технологиялар және жүйелер» бөлімінде 3 орын алды. Ғылыми жетекшісі, т.ғ.к., доцент Ерсултанова З.С.

Зиятов Акбар және Байбосынова Әсел «Сандық білім туралы ақпарат» бөлімінде 2 орынға ие болды. Ғылыми жетекшілері ИжКТ кафедрасының аға оқытушылары: п.б.б.м. , Айтбенова А.А. және ж.ғ.м., Дәулетбаева Г.Б.

Сонымен қатар, конференцияға ИжКТ кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.м., Ф.К.Надырова қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз