4 курс 5В011300 «Биология» мамандығы педагогикалық машықтану қорытындыларын шығару

30 наурызда жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 4 курс студенттері өткен педагогикалық машықтану қорытындыларын шығаруға арналған конференция өткізілді.

15 қаңтар мен 24 наурыз аралығында оннан артық білім беру мекемелеріне 33 студент бағытталды.

Өндірістік машықтану биылғы жылғы түлектердің өміріндегі маңызды кезең болып саналады. Себебі мұғалімге биологияны оқыту және жастарды тәрбиелеуде қажет кәсіби дағдыларды жетілдіруге жәрдемдеседі, студенттердің мұғалім мамандығына қызығушылықтарын оятады, биолог-маманның қызметтерін орындауға бағытталған өзіндік және шығармашыл амал-тәсілдерін дамытады.

Конференцияда студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Көбісі мұғалім мамандығын таңдау дұрыс шешім болғанын түсінді, оларға балалармен жұмыс істеген ұнап, оқушылармен жақсы тіл табысты. Кейбір студенттер мектептерде алғыс хаттармен мараптталды және ең бастысы – жұмысқа орналасу шақыртуларын алды.

Конференцияға студенттерге машықтану барысында қолдау көрсеткен әдіскерлер қатысты: б.ғ.д. Брагина Т.М., б.ғ.к. Бородулина О.В., б.ғ.к. Брагин Е.А., б.ғ.к. Валяева Е.А. және аға оқытушы, биология магистрі Божекенова Ж.Т.

Конференция соңында жетекші Рулева М.М. машықтану нәтижелерін хабарлады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті 4 курс 5В011300 «Биология» мамандығы педагогикалық машықтану қорытындыларын шығару