«Қош келдің әз наурыз!»

«Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған «Кәсіптік оқыту» 3 топ студенттері кураторы Абдимоминова Д.К. бірге кафедра төңірегінде наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің әз наурыз!» атты ашық куратор сағаты болып өтті. Куратор сағатының басты мақсаты: Студенттерге қазақтың   ұлттық мейрамы-Наурыз туралы ұғым түсініктерін кеңейту,ұлттық салт-дәстүр негізінде, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұжымдағы бірлікті арттыру.

Бұл өткізілген іс-шараға барлық кафедра оқытушылары атап айтқанда: Дёмина Н. Ф., КасымоваА. Г., Жигитов А. Б., ТелегинаО. С., Шагиахметова Л. М., Косжанова А. Г., ШевченкоИ. М., Демисенов Б.Н., Шоканова А. С., Асканбаева Г.Б, Доспулова У. К., Алимбаев А. А., Айкадамов А. Б., Сельминская С. П., Юсупова Л. Р.

Атап өткен іс-шарада қазақтың түрлі салт дәстүрлерінен көріністер мен қойылымдар көрсетіліп би билеп, жақсы әуендер шырқалды. Қазақ халқы көңілі кең, кішіпейіл қонағын құдайдай сыйлаған халықпыз соның дәлелі ретінде қазақтың түрлі ұлттық тағамдары әзірленіп, ұлтық нақыштағы көрме ұйымдастырылды.

Аталған іс шарада студенттер кафедра оқытушыларына қазақ салт дәстүріне байланысты түрлі сұрақтар қою арқылы ұтыс ойыны ойналды, қызықты жарыстар ұйымдастырылды.

Кафедра көлемінде өткізілетін мұндай іс шаралар студенттердің бойында өзінің халқына, жеріне, салты мен санасына, елін,жерін сүюге патриоттық сезімін оятуға септігін тигізеді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз