Студенттер жастар конференциясында
- Подробности
- Опубликовано: 22 ноября 2018
Жаратыластану – математика факультеті, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының студенттері 2018 жылдың 22 қарашасында Рудный индустриалдық институты ұйымдастырған Халықаралық Жастар ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Конференцияның мақсаты – жастарды Қазақстан Республикасының экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу мәселелерін қарауға тарту.
Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы 4 секцияның жұмысын қамтыды, онда Қазақстанның үшінші жаңғыруына жастар әлеуетінің қосатын үлесі жайлы талқыланды.
Конференцияның әр секциядағы жұмысының қорытындысы бойынша ғылыми зерттеулер тақырыптарына байланысты үздік баяндамалар үшін Құрмет грамоталары табыс етілді. «География» мамандығының 3 курс студенті Танат Данагуль (ЖМФ) «Қазақстан 21 ғасыр: даму әлеуеті және болашақ экономикасының сын-қатері» секциясында «Қостанай облысының рекреациялық әлеуеті» баяндамасымен 3-орын иеленді – ғылыми жетекшісі педагогикалық білім магистрі Г. К. Баубекова.
Қайрат Аяулым, Есеналина Айгерим (ЖМФ) «География» мамандығының 3 курс студенттері «Қоғамдық сананы жаңғырту-азаматтық қоғамның эволюциясы» секциясында ғылыми жетекшілері: педагогикалық оқытудың магистрі Баубекова Г.К., география магистрі, аға оқытушы Омарова К.И. болған «Теңге дизайндағы бейнелеген табиғат нысандарын талдау» атты баяндамасымен 1-орын иеленді.
Әріптестерімізді құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!