ҚМПУ жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Құстарды қыста тамақтандырыңыз» акциясы басталды

Суық ауа-райының басталуымен құстар үшін қиын кезең басталады, бұл кезде қанаттылардың көбісі төмен температуралардың кесірінен емес, аштықтан қаза табады. Жыл сайын ҚМПУ Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының Биология және экология мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының негізінде «Бедвочерлер» студенттік тобының мүшелерімен кафедрасында «Құстарды қыста тамақтандырыңыз» акциясы өткізіледі.

2018 жылғы 23 қарашада акция және облысымыздың ерекше қорғалатын табиғи аймақтарлармен белсенді әрекеттесу стратегиясы аясында «Бедвочерлер» клубы және «Биология» мамандығының 1 курс студенттері үшін клуб басқарушылары – куратор б.ғ.д., профессор Брагина Т.М., ғылыми кеңесшілер – б.ғ.к. Брагин Е.А. және Валяева Е.А., клуб кураторының орынбасары – биология магистрі Рулева М.М. кездесу өткізілді.

Брагина Т.М. бұл кезеңде өткізілетін акциялар мен іс-шаралардың маңыздылығы туралы сөз қозғады, әсіресе студенттік жастардың белсенді ат салысуын ерекше атап кетті. Іс-шараның қонағы ретінде біздің ЖОО түлегі және биология мамандығының студенті бола тұра белсенді ғылыми әрекет жүргізген Наурзым мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми бөлімінің бастығы міндеттерін атқарушы Батряков Р.Р. шақырылды. Батряков мырза студенттер алдында сөз сөйлеп, акция маңыздылығын тағы бір мәрте айтып кетті. Оған қоса, клубқа құстарға жем салуға арналған астау сыйға тартып, оның ешқашан бос қалмауын тіледі. Біздер де қорық қызметкерінің шақыртуына қосылып, барлықтарыңызды дәстүрге айналған акцияға ат салысуыңызды шақырамыз!

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті ҚМПУ жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Құстарды қыста тамақтандырыңыз» акциясы басталды