Өткенді мақтан тұту, қазіргі уақытты прагматикалық бағалау және келешекке оң көзқараспен қарау...

30 қараша күні «Химия» мамандығының студенттеріне Н.Ә. Назарбаевтың жаңа мақаласына сәйкес «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Біздің жеріміз - көптеген материалдық мәдениет объектілерінің пайда боған орны екені, біздің мамандық студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстан тарихы туралы, халықтың рөлі және қазақ даласының адамзатқа сыйлаған ұлы жаңалықтары туралы жан-жақты әңгіме болды. Біз Қазақстан тарихының жекеленген фрагменттермен емес, қазіргі ғылымның биіктігінен түсінілуі керек деген тұжырымдарды қабылдаймыз. «Бұл мәселелердің барлығы жақсылап ойлануды қажет етеді. Олар біздің дүниетанымымыздың негізі, және халықтың өткені, бүгіні және болашағына қатысты».

Өткенді зерделеп, болашаққа ұмтылу - біздің міндет. Барлығымыз Қазақстан Республикасының азаматтарымыз, әсіресе біз, болашақ мұғалімдерміз. Қазақстан халықаралық аренаға белсенді түрде еніп келе жатқандықтан, біз біздің еліміздің тарихын біліп, мақтан тұтып, тарихымыз бен бүгінгі күннің мағынасын түсінуге ​​тиіспіз. Қонақтар, мұғалімдер, студенттер «біздің еліміздің табысқа жету жолы - өткенді мақтан тұту, қазіргі уақытты прагматикалық бағалау және келешекке оң көзқараспен қарау деген» қорытындыға келді.

Жанель Молдашева, «Химия» мамандығының 3 курс студенті
Ольга Чернявская, п.ғ.к.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Өткенді мақтан тұту, қазіргі уақытты прагматикалық бағалау және келешекке оң көзқараспен қарау...