Зияткерлік квест «Тапқыр саяхатшы географтар»
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2018
2018 жылдың 21 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тапқыр саяхатшы географтар» атты ителектуалдық квест өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырған география магистрі Баймаганбетова Б.Б. Ойынның қатысушылары «География» мамандығының 2 және 3 курс студенттері болды.
Берілген географиялық квесттің өткізілуі студенттердің интелектуалдық потенциалын, географиядағы білімдерін анықтауға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталды. Квестің қатысушылары алдын-ала дайындалған физикалық-география пәндерінен алған білімерін қамтитын тапсырмаларды, ойжұмбақтарды, ребустарды, аса қызығушылықпен жарыса шешті. Мұндай интелектуалдық ойындардың өткізілуі қатысушыларда жарыс рухын, бір-біріне және қарылас топқа деген сыйластыққа, сонымен қатар топтық жұмысқа тәрбиелейді.
Келер уақытта, жаратылыстану ғылымдарының кафедрасында бірқатар ұқсас іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Өйткені, бұл іс-шаралар студенттердің тек интелектуалдық қабілеттерін жетілдіруге ғана емес, сонымен бірге топта достық қарым-қатынасты қалыптастыруға да әсерін тигізеді.