«Ақжан әл-Машани» сериясының тұсаукесері
- Подробности
- Опубликовано: 22 ноября 2018
2018 жылы 22 қарашада оқытушылар Баймаганбетова К.Т., Баубекова Г.К., ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының 2,3 курс студенттері Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырған Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ғалым, геолог, геологиялық-минералогиялық ғылым докторы, профессор, жазушы, Қазақстан ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Ақжан әл-Машаниге арналған ««Ақжан әл-Машани» сериясының тұсаукесері» іс-шарасына қатысты. Іс-шара аясында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының қоры ұсынған профессор А.Машановтың ғылыми еңбектерінің, мұрағаттық, жеке құжаттарының көрмесі ұйымдастырылды.
Сөз сөйлегендер Г. Ахметчин, Г.К.Баубекова ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерін зерттеуде Ақжан Машановтың ерекше рөлін атап өтті, геологиялық ғылымда жаңа бағыт – геомеханиканың қалыптасқанын, оның Ақбастау – Құсмұрын, Лениногор, Зырян, Торғай, Жезқазған және Қаратау кен орындарын зерттеуге мүмкіндік бергенін айтып өтті.А.Машанов – қазақ ғылыми фантастикасының негізін салушы, «Жер түбіне саяхат», «Жер құпиясы» романдарының, тау ісі, геология және металлургия бойынша қазақ-орыс және орыс-қазақ сөздігінің авторы.
Ақжан әл-Машани - өз халқының біртуар азаматы және ұлы даладағы көрнекті тұлға.