Н.Ә.Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау барысындағы кураторлық сағаты
- Подробности
- Опубликовано: 29 ноября 2018
2018 жылғы 29 қарашада Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География», «Биология» мамандықтары 1-3 курс студенттерінің қатысуымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылау мақсатында кураторлық сағат өткізілді.
Бұл кураторлық сағаттың мақсаты мақалада руxани жаңғырудың жалғасы іспетті ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдарымен танысу.
Өткізілген іс-шара аясында студенттер баяндамаларды дайындап, онда мақаланың аса маңызды қырлары көрсетіп, егеменді мемлекеттің одан әрі дамуы үшін ұлы халық тарихының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында орта мектеп педагогтарының жұмысындағы осы мақаланың рөлін де атап өтті.
Баяндамаларды талқылағаннан кейін студенттер мен оқытушылар үшін Президент мақаласының негізгі сәттерін білуіне арналған зияткерлік ойын өткізілді. Студенттер осы іс-шараға белсене қатысты.
Іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар: кафедра меңгерушісі мен ПОҚ - Г.К.Баубекова, В.В.Коваль, К.Т.Баймаганбетова, М.А.Бобренко, М.М.Рулёва, А.С.Кожмухаметов.