Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамының Норвегиядағы ғылыми тағылымдамасы

2019 жылдың 1-19 ақпан аралығында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану кафедрасы оқытушылары, атап айтсақ, б.ғ.д., профессор Т:М. Брагина, магистр, ғылыми және халықаралық қатынастар басқармасының ҒЗО басшысы М.А. Бобренко және биология магистрі, аға оқытушы М.М. Рулева халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама халықаралық жоба қатысушысы профессор Т.М. Брагинаның жәндіктерді зерттеуде инновациялық молекулярлық-генетикалық әдістері грантының меңгерілуі бойынша жүзеге асырылды. CPEA-LT-2016/10140 жобасының қолдауымен және (SIU) білім беру аясында Норвегиялық орталықтың халықаралық серіктестік Еуразиялық бағдарламасымен қаржыландырылған бағдарламасында Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Ресей, Молдава, Украина ЖОО-ның оқытушылары қатысты.

Осло қаласы Университетінің профессоры В.И. Гусаров өткізген интенсивті курс оқуының теориялық және практикалық бөлімдері жоба қатысышыларымен жиналған материалдарымен қамтылды. ҚМПУ-дің биология және экология мәселелері бойынша Ғылыми-зерттеу орталығымен ғылыми-зерттеу тақырыптар аясында қатысушылармен жәдігерлік материалдар жиналды.

Оқуға буын аяқтылардың үлгісінен ДНК жалпы геноменді анықтау, таңдалған маркерлерді ПЦР-амплификациялау (мысалы, СО1), агароздық гелде электрофорездің көмегімен ПЦР өнімдерін көрсету, ПЦР өнімдерінің ферментативті тазалау, жеке Sanger секвенирлік үлгілер үшін дайындық, праймерлерді құрастыру, контигтерді жинау, жүйелілікті редакциялау мен түзету енгізілді. Сонымен қатар, жоба қатысушылары Университеттің білім жүйесімен, жабдықталған лабороториялық және аудиториялық орындарымен, мұражай экспозициялаарымен және Осло қаласы Университетінің биология факультетіндегі мұражайлық экспонаттарымен танысты.

Оқытушылар оқу бағдарламасын сәтті аяқтады және барлығы тесттен сүрінбей өтті. Молекулярлық лабороторияларда өздігінен жұмыс жасау деңгейіне жетті және де оқу барысында меңгерген дағдыларын сеніммен қолдана алады.

Жаратылыстану кафедрасында сапар барысының материалдары бойынша семинар өткізілді.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамының Норвегиядағы ғылыми тағылымдамасы