Ақпанның 28 күні Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жас оқытушылары конкурсының күндізгі этапы басталды
- Подробности
- Опубликовано: 28 февраля 2019
Жаратылыстану кафедрасының оқытушысы Шыңғыс Айдарғазыұлы Тауакеловтың «Химия курсының оқу материалын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сыныптан сыныпқа күрделендіру әдістемесін құру» тақырыбына жүргізген ашық сабағы қатысушылар тарапынан қызу талқылауға түсті.
Семинар сабағы мектептің химия курсында бейорганикалық қышқылдарды оқыту мысалында спиральділік принципін көрсететін әдістеме құрастыруға арналды.
Сабақтың техникалық жақсы жабдықталуы (презентация, бейнефрагменттер) жүргізілген демонстрациялық экспериментпен бірге қатысушыларда оның өткізілу сапасы туралы оң пікір қалдырды.
Студенттердің өз пікірі бойынша (интернет-бағдарлама көмегімен жүргізілген рефлексия) сабақ оларда, яғни болашақ химия пәні мұғалімдерінде жоғары деңгейлі сұрақтар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту технологиясын және басқа да заманауи оқыту технологияларын пайдалану дағдыларының қалыптасуына ықпал жасады.