Жаратылыстану-математика факультетінің студенттері туған ауылында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді
- Подробности
- Опубликовано: 14 февраля 2019
2019 жылдың 14 ақпанында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі Солтүстік Қазақстан облысында кәсіби кеңес беру бойынша іс-сапар ұйымдастырды.
Бұл іс-шараға жаратылыстану-математика факультетінің студенттері Оразғали Айжан («География» мамандығы), Люценко Ольга («Математика» мамандығы) қатысты.
Габит Мүсірепов атындағы ауданда студенттердің Новоишимск туған ауылында, онда жоғары оқу орындарының өкілдерімен ауданның түлектері жиналды. Кездесуге 290 біруші түлектер қатысты.
Біздің студенттер студенттік өмір туралы: білім беру, спорттық және бос уақытты өткізу туралы айтып берді.
Кездесуге қатысушыларға Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің білім беру қызметтері жайлы жазылған жарнамалық таратпа материалдар үлестірілді.
Студенттер қызықты әңгімелесулер өткізумен қатар өздерінің отандастарымен бейресми жағдайда да сөйлесе алды.