«Біз – Ұлы ала балалары»

2019 жылдың 28 ақпанында жаратылыстану-математика факультетінде Жастар жылы аясында ҚМПУ-дың 80-жылдығына арналған «Біз – Ұлы Дала балалары» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын факультет кафедраларындағы студенттер арасында Қостанай облысы және ҚМПУ тарихы туралы білімдерін арттыру мақсатында жүргізілді.

Ойын барысыныда келесі сұрақтар қарастырылды: Қостанай облысы тарихы (архитектуралық және тарихи ескерткіштер, мәдениет, өнер), қызықты оқиғалар, танымал тұлғалар мен дәстүрлер, Қостанай облысының географиясы, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің және жаратылыстану-математика факультетінің қалыптасу, даму тарихы.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «Шоқан Уалиханов тобы», Физика және математика пәндері кафедрасының «Узы гипатенузы» атты командалары өз өлкесі туралы білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсете білді. Ал жеңіске жеткен Информатика, робототехника және компьютерлік технология кафедрасының «Internet» атты командасы болды.

Қазылар алқасы: Шалғымбекова Әлия Батырхановна – педагогика кафедрасының аға оқытушысы, Мнайдарова Светлана Сейтжановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының аға оқытушысы, Омарбек Нұрсұлу Қайратқызы – жаратылыстану ғылымдары кафедрасының лаборанты, Рахимбаева Әлия – факультет лидері, «Математика» мамандығының 2-курс студенті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Баймагамбетова Бибигуль Буркатовна – жаратылыстану-математика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Тауакелов Чингис Айдаргазиевич – жаратылыстану-математика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Омарова Кунсулу Избасаровна – география магистрі, жаратылыстану ғылымдарының аға оқытушысы.

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз