«Жылдың үздік студенті» республикалық байқауының марапаттау рәсімі

2019 жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында “Bilimὀrkenietἰ” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Оқу барысына білім, ғылым, спорт, өнер саласына қосқан айрықша еңбегі үшін студенттер төс белгі және алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық байқаудың жеңімпазы және «Жас қыран» республикалық дарынды студенттердің кітап жинағына енгені үшін жаратылыстану-математика факультеті, «Химия» мамандығының 2-курс студенті Едрес Тоғжан Нұрланқызын шын жүректен құттықтаймыз!

2015 жылы Түркістан қаласында өткен Ақындық пен шешендікке баулитын «Ақберген» ІІ республикалық байқауында дипломмен марапатталды.

2015 жылы Астана қаласында өткізілген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы – «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингінде, «Елбасының бес институционалды реформасы» тақырыбы бойынша оқу курсын иегеріп, сертификатпен марапатталды.

2016 жылы «Олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарына белсенді қатысқаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін» аудан әкімі атынан алғыс хатпен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауының марапаттау рәсімі