ЖМФ түлектерінің ПШО жаттықтырушыларымен кездесуі
- Подробности
- Опубликовано: 29 марта 2019
2019 жылдың 29 наурызында жаратылыстану ғылымдары кафедрасы "Жас ұрпақтың ғылым мен білімдегі миссиясы: дәстүрлер, инновациялар" Аймақтық ғылыми-практикалық конференция аясында Қостанай қ. НЗМ ДББҰ "Педагогикалық шеберлік орталығы" ЖМ филиалының жаттықтырушыларымен бірге: А. Е. Мырзағалиева, Б. К. Сағадиева, Б. Ардабаева,К., О. В. Бурага "Мұғалімнің зерттеу дағдыларынан оқушының зерттеу дағдыларына" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды және өткізді.
Іс-шараға жаратылыстану-математика факультетінің 4 курс студенттері қатысты. Тренинг МЖМБС, оқу бағдарламасы, типтік оқу жоспары және нұсқаулық-әдістемелік хат сияқты нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану арқылы жұмыс дәптерін қолдануға негізделген практикалық түрде өтті. Тренинг шеңберінде ДЖИГСО, Графикалық органайзер, инфодудлинг сияқты инновациялық тәсілдер пысықталды. Тренинг барысында студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын атап өткен жөн. Студенттер болашақ кәсіби қызметі бойынша практикалық сұрақтар қойды. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері бойынша конструктивті диалог өтті. Тренинг қорытындысы бойынша семинар-тренинг қатысушыларына сертификаттар берілді.
Ынтымақтастық үшін НЗМ ДББҰ "ПШО" ЖМ директоры мен жаттықтырушыларына алғысымызды айтамыз.