«Ғылым қызметкерлер күні» зияткерлік ойыны
- Подробности
- Опубликовано: 08 апреля 2019
Дүйсенбі 8 сәуір күні физика-математикалық пәндер кафедрасының әдістемелік апталығы аясында зияткерлік ойын өткізілді және жыл сайын 12 сәуірде аталып өтетін Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні мен Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне арналған.
Ойын 6 кезеңнен тұрды: 1 – жаттығу (8 сұрақ), 2 – ғарышкер (8 сұрақ), 3 – бір сөзбен (14 сұрақ), 4 – Математика (6 сұрақ), 5 – Физика (6 сұрақ), 5 – Астрономия (6 сұрақ). Тапсырмалар екі тілде – мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылды және ғылымның әр түрлі жақтарын – ұлы ғалымдар, атаулы күндер, физикалық құбылыстар, қызықты фактілер қамтыды. Ойындарды дайындау және өткізуге Телегина О.С. (кафедра меңгерушінің м.а., аға оқытушысы), Ахметова А. С. (ФМД кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі), Шоканова А. С. (кафедра зертханаларының меңгерушісі), Атажанова М. Н. (кафедра лаборанты) қатысты.
Ойынға 7 команда қатысты. Ойын соңында төрт команда жеңіске деген жігері үшін ынталандыру сыйлықтарын алды ("Математики", "Луна", "Фотончики", "Ракета"). Үшінші орынды "Фиксики" командасы (2 курс, Физика, п/я), екінші орынды "Алты қарақшы" командасы (3 курс, Физика, к/о), бірінші орынды "Астра" командасы (екі мамандықтың үшінші курс құрамасы – Физика және Математика) иеленді. Оларға тәтті сыйлықтар берілді.