Жаратылыстану ғылымдары кафедрасындағы Наурыз мерекесі

2019 жылдың 14 наурызында жаратылыстану кафедрасында кураторлар Қ.Т.Баймағанбетова және А.С.Кожмухаметовамен бірге «География» мамандығының 3 курс студенттері Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді.

Биология, Химия, География мамандығының 1 курс студенттері кураторлар М.А.Губенко, М.С.Кубеев, Г.А.Ручкина, Э.Б.Ахметовамен бірігіп, 8 қабаттың фойесінде киіз үйді безендерді. Мерекеде концерттік нөмірлер, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілді. Мерекенің жүргізушілері География мамандығының 3 курс студенттері Нұрхаділұлы Ғалымбек пен Қайратова Наргиза болды. Іс-шараның басты сәттерінің бірі Қыдыр атамен кездесу болды, ол жиналғандарға жаңа жылда сәттілік тіледі. «Химия» мамандығының 3 курс студенттері ҚМПУ профессоры К.А.Абдыкаликовамен бірге бала үшін маңызды "Тұсау кесу" рәсімін өткізді; профессор Б.М.Жумагалиева кішкентай Әнелге өмірдегі қадамына сенімділік пен батылдық тілеп, бата берді. Бұл рәсім баланың өсіп-жетілуін бейнелейді және оның ересек өмірінің басы болып табылады. «Химия» мамандығының 2 курс студенттері куратор Ч.А.Тауекеловпен «Қыз ұзату» рәсімін көрсетті. Дандыбаев Жангельды География мамандығының 2 курс студенті Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» әуезді шығармасын орындады. Биология мамандығының 1 курс студенті Асанова Аружан Наурыз әнін шырқады, іс-шара Кайрат Аяулым, Темірбек Көркем, Қабылбаева Ақгүл 3 курс географ студенттерінің орындауындағы жарқын халық биі Қара жорғамен аяқталды.

Құрметті әріптестер, студенттер Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймыз, сіздерге мол табыс пен жақсы көңіл-куй тілейміз.

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары кафедрасындағы Наурыз мерекесі