Балалар үйінде Наурыз мейрамын тойлау
- Подробности
- Опубликовано: 19 марта 2019
2019 жылдың 19 наурызында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №2 Қостанай мамандандырылған балалар интернат – үйінде" мерекелік іс- шара «Қош келдің Наурыз!» өткізілді. Іс-шара куратор Ж. Т. Сүйіндікованың жетекшілігімен және Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің "Биология" мамандығының 2 курс және "Химия" мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастырылуымен өткізілді.
Іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды. Басында мерекелік концерт өтті. Бағдарламаның жүргізушілері Сиривля Диана мен Төлеухан Гүлвира болды. Концерттік бағдарламада студенттер мектеп-интернат тәрбиеленушілерін ән мен бимен қуантты, бірлескен флешмоб өткізді.
2 кезеңде бағдарлама бойынша мектеп-интернат тәрбиеленушілері үшін викторина өткізіліп, тәтті сыйлықтар берілді. Үшінші кезеңде студенттер балалармен түрлі ойындар өткізді. Мереке қазақтың "шашу"дәстүрімен аяқталды. Мереке қуанышты, көңілді өтті. Ал балалардың бықытқа толы көзі-біз үшін, ересектер үшін ең жақсы марапат болды.