«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы студент жастардың қызмет бағдары ретінде» атты дөңгелек үстел

2019 жылы 2 сәуір күні ҚМПУ конференц-залында Қазақстан Республикасының Тұңғыщ Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы аясында орындалып жатқан студент жастардың қызметі туралы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ҚМПУ аппарат басшысы Бекмағамбетов Р.К., факультет декандары мен декан орынбасарлары және студенттер қатысты.

Жаратылыстану-математика факультетінің декан орынбасары Тауакелов Ч.А. «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 қараша 2018 жылға халыққа жолдауы аясында студент жастардың қызметі» туралы сөз сөйледі. Сондай-ақ, жаратылыстану-математика факультетінің студенттері өздерінің айналысып жатқан әлеуметтік жобалары туралы баяндамалары тыңдалды: Сатенова М., Сеит Г. «Информатика» мамандығы: «Цифровой Казахстан», Торыбаев Ж., Чапаксин И. «Биология» және «Химия» мамандықтары: «Производственная практика, как способ профессионального становления и развития молодежи»,  Молдағазы А., Биримжанова Г. «Математика» мамандығы: «Театрмен танысайық», Брюханова К. «География» мамандығы: «Роль краеведческого клуба «Саяхат» в научной деятельности студентов», Сәбит З. «Информатика» мамандығының 3-курс студенті: «Об участии студентов в общественной и социальной жизни университета».

Дөңгелек үстелде айтылған баяндамалар мен сол тақырыптарды талқылау студенттердің көңілінен шықты деп айтуға болады. Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті деканының орынбасары Шкваренко Н.С. ҚМПУ студенттерінің волонтерлік жұмыстары туралы қызықты сұрақтар қойды. ДШСжТ факультетінің студенттері Корщиков А. мен Нуралин А. «Ветеран живет рядом» және «Компьютер жасқа қарамайды» атты волонтерлік проектілері туралы сөз қозғады. Психология-педагогика факультетінде оқитын Чучугина М. және Попова О. «Жылы жүрек» атты волонтерлік жұмыстары туралы айтып өтті. «Физика» мамандығының 2-курс студенті Урманова Р. сыртқы академиялық тұтқырлық барысында жинаған тәжірибесі жайында көптеген мәліметтермен бөлісті.

Қорытындылай келе жаратылыстану-математика факультетінің деканы Шумейко Т.С. студенттерге университетіміздің әлеуметтік және ғылыми жұмыстарына белсенді қатысып жүргендері үшін алғыс айтты.

Модераторлар: жаратылыстану-математика факультетінің декан орынбасарлары Баймаганбетова Б.Б., Тауакелов Ч.А.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы студент жастардың қызмет бағдары ретінде» атты дөңгелек үстел