Халықаралық құстар күніне арналған экологиялық флешмоб
- Подробности
- Опубликовано: 01 апреля 2020
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 2020 жылдың 1 сәуірінде онлайн режимінде экофлешмоб өткізді. Биологтар мен табиғат жанашырлары Халықаралық құстар күніне арналған экофлншмобқа белсенді қатысты. Бүкіл әлемде жарияланған пандемияға, басқа елдерге кіру және ұшып шығуға тыйым салынғанына қарамастан, құстарға қыстық жерлерден үйлеріне қайтуға еш кедергі келтірмейді.
Жыл сайын Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) Қазақстан құстарын қорғау одағымен бірлесіп Қауымдастық мүшелерінің арасында дауыс беру арқылы жыл құстарының нышанын (символ) таңдайды.
Осы 2020 жылы жыл құсы болып-Сұңқар балобан таңдалды. Сұңқар балобан-үлкен және күшті құс. Әлемдегі сұңқар популяциясы, соның ішінде Қазақстан, Ресей және Монғолия, біртіндеп қысқарып келеді, сондықтан бұл түр біздің қорғауымызды қажет етеді!
Биылғы жылы қашықтықтан оқыту барысында клубтың кураторы Т.М. Брагина, куратордың көмекшісі М.М. Рулева және клубтың ғылыми кеңесшілері Е.А. Брагин, М.А. Бобренко, сондай-ақ университеттің биология және экология мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының «Фифи» бедвочерлер клубының активі әлеуметтік желілерде экологиялық флешмобты іске қосты.
Қатысу үшін 1 сәуірде әлеуметтік желілердің таспасына #бедвочерыНИЦПЭБКГПУ# веснаидет және өздерінің жазбаларына Instagram @natsciences.kst, @kspu_emf. деп жазып, авторлық фото, суреттер, қол қойылған құс бейнелерін орналастыру қажет болды.
Бұл іс-шара туған табиғатқа немқұрайлы қарамайтын барлық студенттерді, мектеп оқушыларын, біздің түлектерімізді, оқытушыларды және құстарды сүйетіндерді біріктірді. «Фифи» бедвочерлер клубының басшылығы мен активі экологиялық флешмобқа қатысқан барлық қатысушыларға, сондай-ақ, ЖМФ деканының орынбасары Ш.А. Тауакеловқа, п.ғ. к., О.М. Чернявскаяға, б. ғ. к., Г.А. Ручкинаға қатысушылардың көп бөлігін белсенді тартқаны үшін алғыс білдіреді.
Табиғатты қорғайық!