"География" білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша әдістемелік семинар.
- Подробности
- Опубликовано: 10 марта 2020
10 наурыз, 2020 жылға жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында "География", "География-Биология" бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша презентация өткізілді.
Семинар жұмысының мақсаты-орта білімнің жаңартылған мазмұнына сәйкес бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын талқылау.
Аталған іс-шараны жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Баубекова Г. К., география магистрі, аға оқытушы Омарова К. И., география магистрі, аға оқытушы Коваль В. В., география магистрі, оқытушы Баймаганбетова Б. Б. ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына стейкхолдерлер, Қостанай қаласының білім беру мекемелерінің мұғалімдері белсенді қатысты: №1 мектеп-лицей, "Озат" IT лицейінің, №115 ОМ, №8 гимназия.№ 3 мектеп-гимназиясы, №2, №3 мектеп-лицейі, физика-математикалық лицейі, Қостанай қ.Назарбаев Зияткерлік мектебі, қалалық білім бөлімінің өкілі, "География" ОП профессорлық-оқытушылық құрамы, "География"мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты.
Семинар аясында жаңартылған бағдарлама бойынша білім алушылардың заманауи қажеттіліктерін, соның ішінде фундаменталды және тілдік модульдер пәндерінің құрамын және оқытудың күтілетін нәтижелерін талқылау өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар Мукаева Р. Ж., Тимчук Ю. В., Садвакасов А. Ж., Досанова А. Ж., Шалабаева А. В., Шайхыбеков К. П., Кныш В. В., Демесенова М. А., Жолдыбек М. А., Өтегенова С. С., Танат Д., Ветрова А. "География" мамандығының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерімен бірлесе отырып, мектеп пен ЖОО-ның білім беру қажеттіліктеріне сәйкестігі мәселелерін талқылады.
Талқылау барысында барлық қатысушыларға сауалнама-парақ ұсынылды, онда семинарға қатысушылар "География" білім беру бағдарламаларын түзету және одан әрі жетілдіру, сондай-ақ мектептер мен ЖОО арасындағы өзара іс-қимыл бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын тұжырымдады.