«Жануарларға қолыңды соз»

2020 жылдың 16 мамырында «6В01502-Физика» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері «Community Service» пәні бойынша «Жануарларға қолыңды соз» деген әлеуметтік жобасын қорғауға ұсынды. Жобаны жүзеге асыру барысында студенттер жануарларға арналған «Зоопульс» панасына барып, қызметкерлердің күнде кездесетін мәселелерімен танысып, үйсіз жануарларға тамақ берді. Instagramm әлеуметтік желісінде студенттер https://www.instagram.com/kspu_physics/ парақшасын жүргізеді, және, осылайша, панаға ақпараттық қолдау көрсетуге тырысады.

Жобаның міндеттерінің бірі деп студенттер жануардың адамдарға сүйікті және адал досы болып кететін үйін табуды санайды. Карантин жобамен жұмыс істеуге кедергі болған жоқ: балалар жануарлар үшін өз қолдарымен жатақтар жасады, олар карантин аяқталғаннан кейін жануарларға ұя ретінде ағаштарға ілінеді https://www.instagram.com/p/B_rn9QhDsW3/.

Басталған жазғы демалыс – бұл тек демалыс кезеңі ғана емес, сонымен қатар болашаққа жоспар құру уақыты. Студенттер үйсіз жануарларға назар аударуға мүмкіндік беретін іс-шараларды белгіледі.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз