«Мектепке дейінгі мекеме мұғаліміне арналған компьютерлік желілердің көмегімен ақпарат алмасудың құралдары мен технологиялары»

2020 жылы 14 сәуірде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі мекеме мұғаліміне арналған компьютерлік желілердің көмегімен ақпарат алмасудың құралдары мен технологиялары» тақырыбында онлайн-сессия өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы – информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Даулетбаева Гүлсім Байсұлтанқызы.

Сессия барысында қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын іздеу жүйелері – Google, Яндекс, Рамблер, т.б. туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар желілік этикет пен желідегі өзге қолданушылармен қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыру қағидалары қарастырылды.

Аталған іс-шараға мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының студенттері мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Мектепке дейінгі мекеме мұғаліміне арналған компьютерлік желілердің көмегімен ақпарат алмасудың құралдары мен технологиялары»