Медиация және халықтық дипломатия мектебіндегі онлайн сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 09 апреля 2020
Соңғы кезде медиация институты дау-жанжалдарды соттан тыс реттеудің тәсілі ретінде кеңінен танылып келеді. Медиация шиеленіскен тараптарға даулы жағдайдың шешімін бірлесіп табуға көмектеседі.
Медиация – бұл тәуелсіз және бейтарап тарап (медиатор) шиеленіскен тараптарға қысқа мерзімде бірлескен күш-жігермен және екі жақтың да мүдделерін ескере отырып, тараптардың әрқайсысы үшін тиімді шешімге келуге көмектесуді негізге алатын татуласу әдісі.
ҚМПУ ҚХА кафедрасының базасында жастарды Медиация негіздеріне оқыту және кәсіби бағдар беруге ынталандыру, қоғамда өзара жанжалсыз қарым-қатынас жасау, жастар арасында медиацияның идеялары мен принциптерін тарату мақсатында медиация және халықтық дипломатия мектебі ашылды.
Мектеп жұмысы барысында университет студенттері мен Қостанай қаласының оқушыларынан 70-тен астам түлек білім алды, бейбіт қарым-қатынас жасау дағдылары мен біліктерін шыңдады, әр түрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауды үйренді, сондай-ақ, құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасын сауатты құрастырып, жанжалды жағдайларда күйзеліске қарсы тұруды үйренді.
9 сәуір күні ҚМПУ қашықтықтан өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында, Медиация және халықтық дипломатия мектебінде онлайн сабақ өтті. Сабақта спикерлер: ҚОМА ҚҚ Президенті, кәсіби медиатор, тренер С. А. Богатырев пен психолог, тренер-медиатор, ҚОМА ҚҚ кәсіби медиаторы И. А. Зуев болды.
Кездесу басында О. Н. Евдокимова «медиация» және «жанжал» ұғымдарының мәнін ашып, тыңдаушылармен қақтығыстың оң және теріс жақтарын қарастырды.
С. А. Богатырев тыңдаушыларды ҚОМА ҚҚ жұмысымен таныстырып, «Медиация туралы» ҚР Заңының негізгі ережелеріне сүйене отырып, кәсіби және кәсіби емес медиатор арасындағы айырмашылықтардың мәнін ашты.
И. А. Зуев медиация принциптері мен медиативтік процестің кезеңдерін ашып көрсетті.
Бұл ҚХА кафедрасы мен Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы ҚҚ алғашқы бірлескен сабағы емес екенін айта кету керек. Кафедра базасында Медиация мектебі ашылған алғашқы күннен бастап біз ҚМПУ мен ҚҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық. Әдетте сәуір айында медиация мектебінің тыңдаушыларымен медиаторлар қауымдастығының жұмысымен танысу мақсатында біз қоғамдық қорға С. А. Богатырев пен И. А. Зуев ұйымдастыратын мастер-классқа барушы едік. Биылғы жылы қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты кездесу форматын онлайн режимге ауыстырдық.
Өзгерістерге қарамастан сабақ теориялық және практикалық жағынан құндылыққа толы болды.
Кездесу өткізуге қол ұшын берген спикерлер С. А. Богатырев пен И. А. Зуевке, педагогика кафедрасындағы әріптестеріме және «Тарих», «Бейнелеу өнері», «Психология және педагогика» білім беру бағдарламасының студенттеріне алғыс айтқым келеді.