Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының «Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі» атты Вебинар-практикумы
- Подробности
- Опубликовано: 14 апреля 2020
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) күн сайын білім беру қызметінің түрлі салаларына еніп келеді. Бұған қоғамды жаппай ақпараттандырумен және мамандарды тиісті даярлау қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сондай-ақ оқу орындарында қазіргі заманғы компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етудің таралуымен байланысты ішкі факторлар ықпал етеді.
Білім беруді ақпараттандыруды жүзеге асырудағы басты рөл оқытушыға тиесілі. Сондықтан педагогикалық қызметте жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу Қазақстан Республикасы бойынша қашықтықтан білім алуға көшу жағдайында бүгінгі таңда ең маңызды құзыреттіліктердің бірі болып табылады.
2020 жылдың 14 сәуірінде Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасында «Қашықтықтан білім беру мүмкіндіктері» атты вебинар-практикум ұйымдастырылды.
Вебинардың спикерлері кафедра оқытушылары - Агеева А.А. Капитанец У.В., және қалған оқытушылар вебинардың тыңдаушылары болды.
Агеева А. А. тыңдаушылардың назарына PowerPoint презентациясында бейнеролик жасау алгоритмін ұсынды,одан кейін оқытушылар өз бетінше осындай бейнеролик жасауға тырысты.
Капитанец У. В. Zoom бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі айтып, көрсетті. Содан кейін осы бағдарламамен жұмыс істеу тәжірибелік бөлімі жүргізілді, онда спикер оқытушыларға қиындықтарды жеңуге көмектесті.
Оқу өте белсенді түрде өтті, кафедра оқытушылары жаңа пайдалы ақпарат алуға қызығушылық танытты, сондықтан бұл вебинар қашықтықтан білім беру кезеңінде өзекті деп санауға болады.