2019 жылғы 19-21 сәуір аралығында Нидерланды елінде параолимпиадалық би бойынша халықаралық лицензиялық турнир аяқталды. Оған әлемнің 15 елінен 85 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының құрамында Қостанай облысының спортшылары қатысты: Муктарова Малика және Сахно Владислав, Жаксагулова Аруна және Чащин Александр. Спортшылардың жаттықтырушысы - Нужный Андрей Владиславович. Жарыстың үшінші күні duo combi latino бағдарламасында "музыкалық білім" білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Муктарова Малика Сахно Владиславпен бірге 2 орынға ие болды.
2019 жылдың 25-28 наурыз аралығында ҚИнЭУ және ЧелГУ базасында қыздар арасында волейболдан қала ЖОО спартакиадасы өтті. ҚМПУ қыздар құрамасы жеңіске жетті, соңғы матчта олар ҚМУ құрамасымен кездесіп, қарсыластар командасын жеңіп және бірінші орынға ие болды. Біздің институт атынан студенттер қатысты: Навалова Виталина (3 курс, ДШСжТ) Тюрина Анастасия (3 курс, ДШСжТ) Аспандиярова Дамира (3 курс, ДШСжТ) Чумбарева Екатерина (1 курс, ДШСжТ) Герт Ксения (1 курс, ДШСжТ) Федосова Валерия (1 курс, ДШСжТ).
5-14 ақпан аралығында БАӘ, Дубай қаласында пауэрлифтинг бойынша 10-шы Әлем кубогы өтті. Қазақстан мен Қостанай облысын кубокқа "дене шынықтыру және спорт" мамандығының 2 курс студенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері қабыл Тұрсынай қатысты. Аталған жарыстар Токио қаласында (Жапония) Параолимпиада өту үшін сынақтық жарыстардың бірі болып табылады. 5 жарыс күнінің қорытындысы бойынша біздің спортшы қыздар арасында 2-ші және әйелдер арасында 4-ші болды!
25-27 қаңтар аралығында Алматы қаласында "Достық" спорт кешенінде Жастар жылының ашылуы аясында ұлттық студенттік баскетбол лигасының ұйымдастыруымен "барлық жұлдыздар матчы" , "Jastarfest – 2019" фестивалі өтті. Ойынға NBSL сайтының ойын статистикасына сәйкес, студенттік баскетбол лигасының 20 ойынщысы шақырылды. Қостанай облысынан 3 спортшы қатысты, олардың біреуі – "дене шынықтыру және спорт" мамандығының 2 курс студенті Клещенков Александр. Ойын нәтижесі бойынша команда екінші нәтиже көрсетіп, грамоталармен және медальдармен марапатталды.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Липокуров Артур 2017 жылдың 9-14 қазан аралығында Алматы қаласында өткен спорттық гимнастика түрінен ҚР Чемпионатына қатысты. Көпсайыстағы спорттық гимнастикаға мынадай түрлер енгізілді: еркін жаттығулар, жүйрік ат, гимнастикалық сақиналар, қолды тіреп секіру, қос қоссырық, керме. Жарыстарға Алматыдан, Астанадан, ОҚО-нан, Шымкенттен және Қостанайдан өкілдер қатысты. Жарыс бағдарламасы барлық мәлімделген снарядтар бойынша, көпсайыстық бағдарламаның орындалуын қалай қамтамасыз етсе, солай жарыстардың жеке түрлерін де қамтамасыз етеді.
Осы жылы жазғы студенттік универсиада Талдықорған қ. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетте өтеді. Олардың базасында еркін күрестен, самбо, бокс, дзюдо, садақпен ату, регби, жағажай волейболы мен ауыр атлетикадан студенттер сайысы өтеді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жетісу мемлекеттік университеті аясында, 2017 жылдың 8-11 қазан аралығында өткен еркін күрес пен самбодан қатысты. Балуандар командасын оқу-тәрбие орталығының меңгерушісі Төлегенов Аманжол Бақытжанов алып жүрді.
4 желтоқсан 2016 жылы Қостанай қаласында музықалық аспаптар орындаушылардың республикалық байқауы Астанада Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының, өнер акедимиясының қатысуымен шығармашылық бастамалар ART аспектісіне орталығы ұйымдастырды «KOSTANAY MUSIC GAMES» өткізілді. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасы аспаптық өнерін дамыту; талантты студенттер мен оқытушыларды анықтау және ынталандыру; оқу орындарының арасындағы коммуникативтік кеңістігін кеңейту.
Қазақстан Республиксының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Жас Барыс» облыстық іріктеу кезең жарысында 1997-1998 ж.т. жастар арасында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің дене шынықтыру және спорт мамандығы студенттері жеңімпаз және жүлдегер атанды.
2016 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында Қостанай қаласында өткізілген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Жас Барыс» турнирінің жеңімпаз жүлдегерлерін құттықтаймыз.
2016 жылғы 15-17 ақпанда Қостанай қаласында өткен гір спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысқан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ДШСжТФ 2 курс студенттері Олег Сысолятин мен Сергей Турминді құттықтаймыз. Чемпионатқа еліміздің 13 облысынан 200-ден аса спортшы қатысты. Олег Сысолятин 78 келі салмақ санатындағы чемпион атанып, алдағы Әлем Чемпионатына жолдама алды. Ал Сергей Турмин болса, Солтүстік Қазақстан облысынан келген спортшыға есесін жіберіп, 95 келі салмақ санатында 2 орынды қанжығасына байлады.