4 – 5 наурыз күндері ҚМПИ акт залында қыздар арасындағы армрестлингтен жарыс өтті. Аруларымыз спорттың осы бір ауыр түрінен жарысқа түсіп, сайысты қыздыра түсті. Бүгін сайыс қыздар арасында мынандай категорияларда өтті: 50 кг дейін, 55 кг, 60 кг, 65 дейін 70 және 80+ аралығында. Барлық спортшылар жарысқа жақсы дайындықпен келгенін және олардың жанкүйерлерінің белсенді қолдауын ерекше атап өткен жөн. Өз категорияларында келесілер жеңімпаз атанды: 50 келіге дейін (солқол) І орын-Сагатилла П. ТарМПИ (қ. Тараз); ІІорын- Волкова А. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ (қ. Петропавл); III орын- Чалимбекова М. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ (қ. Алматы).

5 наурыз күні қысқы универсиада аясында ҚМПИ спорт залында гір көтеру спорт түрінен жарыс өтті. Қазақстан Республикасының ән ұранымен басталған жарыс, ән-күймен жалғасты. Спортшылардың жарысалдындағы қобалжуын жанкүйерлердің қолдауы басқандай. Спортшылардың бәрі де жеңістен дәмелі еді. Жарыс өте тартысты және қызықты өтті. Нәтижесінде 1 орынды СҚМУ (Петропавл) және ҚМПИ (Қостанай) бөліссе, 2 және 3 орындарды ҚинЭУ (Қостанай) мен ҚазАТУ (Астана) иеленді.

«Парасат» дебат клубы 19-20 қазан күндері Көкшетау қаласында өткен «Ұлы хан – ел жадында» атты Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына арналған республикалық турнирден жеңіспен оралды. Қазман Ратбек және Қалиев Дастан «Байрақты ел» тобының құрамында ойнап, жүлделі 2-ші орынға ие болды. Дебатерлерді жеңістерімен құттықтап, болашақта жаңа белестерге жетуді тілейміз.

Сәуірдің бесінші жұлдызында ҚМПИ мәжіліс залында конькимен жүгіруден әлем және Азия чемпионы, қазақстандық конькимен жүгіруші, спринттік көпсайысшы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, коньки спорт түрінен әлем чемпионы атағына ие жалғыз қазақстандық Денис Кузинмен кездесуі өтті. Біздің студентіміз, ел мақтанышы, ҚМПИ студенттері үшін үлгі болып жүрген спортшы студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Ал институт ректоры Денисті шын жүректен құттықтап, оған жаңа теледидарды сыйлады.

2012 жылдың 1 – 12 наурыз аралығында Петропавловск қаласында Қазақстан Республикасы студенттері арасында IV-ші қысқы Универсиада болып өтті. Оған еліміздің түпкір-тіпкірінен 27 жоғарғы оқу орындарынан студент жастар қатысты. Универсиада спорттың 15 түрін қамтыды.

2012 жылдың 29 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қостанай мемлекеттiк педагогикалық институтының базасында факультеттер мен институтының жастар ұйымдар арасында спорттықсайыстар өтті. Жарыстың төрт күні әртүрлi спорт түріне арналған болатын.

Ақпан айының 10-18 күндер аралығында Қостанай қаласында студенттiк кәсiподақ ұйымдар арасында спорт жарыстарының облыстық турнирі өттi. Волейбол мен баскетбол бойынша ҚМПИқыздар құрама командалары 1 орынға ие болды. Мини-футбол бойынша 2 орын болса, шахмат сайысында 1 мен 2 орындар иелендік. Оған қоса біздің студенттер тоғызқұмалақтан 2 орын алып, жалпыкомандалық 2 орынға ие болды. Бiздiң спортшылар биік белестерге жете беруге тілектеспіз. Жеңістеріңіз құтты болсын!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Студенттер-жүлдегерлер