ҚМПУ-дағы еріктілер қызметінің тарихы өте бай. ЖОО-да «Жылы жүрек» еріктілер орталығы жұмыс істейді, Орталық жалпы университет пен факультеттегі еріктілер әрекетін үйлестіреді.2019-2020 оқу жылында ЖОО-да 19 әлеуметтік еріктілер жобасы жұмыс істейді. Біздің университеттің 76 студенті «Әлеуметтік студенттік несие» бағдарламасына қатысып, нәтижесінде 1 710 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарға ие болды.

В период с 13 по 18 января 2020 года в КГПУ им. У.Султангазина прошла ежегодная Спартакиада среди преподавателей и сотрудников КГПУ, посвященная 175-летию А.Кунанбаева. Спартакиада прошла по 9 видам спорта: шашки, шахматы, тоғыз құмалақ, асық ату, дартс, настольный теннис, волейбол, мини-футбол и лыжные гонки. Основная цель Спартакиады - пропаганда здорового образа жизни, комплектования сборной команды КГПУ, выявление сильнейших спортсменов для участия в региональных соревнованиях. Преподаватели и сотрудники приняли активное участие во всех соревнованиях. Лыжные гонки прошли на нашей оздоровительной базе в сосновом бору.

Тәуелсіздік тәу етер қасиетті киеміз. Бабалардан қалған ақ жолтай аманат. 28 жыл бұрын біз өз жолымызды таңдадық. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Н.Ә. Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді. 13 желтоқсан күні университет акт залында «Тәуелсіздік күні» меркесіне арналған салтанатты кеш өтті. Еліміздің ән ұранымен бастау алған кештің алғашқы құттықтау сөзі ҚМПУ ректор міндетін атқарушы Мусабекова Гүлвира Айдарханқызына берілді. Әрі қарай білім жолында ерен еңбек еткен ұстаздар мен университет қызметкерлері, университеттің дамуына үлес қосқан қаламыздағы білім ордаларының басшылары марапатталды.

 Сұлтанғазин университетінің жатақхана студенттеріне 19 қараша күні өткен «Караоке кеші» керемет көңіл күй сыйлады. Ән сайысында жатақхана тұрғындарынан құралған 5 топ өнерін ортаға салды. Құрамы 5 студенттен тұратын «Король и Шут», «Passion», «Элита», «Студенттік Парламент» және «ДеФФченки» топтары 4 кезеңде бақ сынады. 1-ші кезең: қатысушылар караоке айтып отырып берілген тапсырманы орындау, 2-ші кезең «Құлаққап караоке», яғни қатысушылар құлаққап киіп, сол әнды жанды дауыста орындау, 3-ші кезең топтық сайыс, 4-ші «Әуенді тап» кезеңінде қатысушылар жасырылған ән мен әншіні табу керек болды.

2019 жылдың қазан айының 15-ші жұлдызында Сұлтанғазин университеті акт залында, Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, өнерліні жағалап, талай таланттың жұлдызын жаққан «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Университет қызметкері, ұстаз бен студент жұп болып бақ сынаған айтулы ән байқауы 17 ші қараша - Халықаралық студенттер күніне арналған болатын. Университетіміздің академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мусабекова Гульвира Айдарханқызы «Халықаралық студенттер күнімен» барлық білімгерлерді құттықтап, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

Ағымдағы жылдың 30 казанында Сұлтанғазин университетінің 1 қабатында «Nur Otan» партиясы жүзеге асырып отырған «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясының ашылу салтанаты өтті. Акцияның негізі мақсаты Ұлттық туды кеңінен насихаттау және қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтардың Мемлекеттік туды қолдануға және орнатуға тыйым салу стереотипін жою. Мемлекеттік туымыздың әр қоғамдық орындарда, туристтік объектілерде, сауда орталықтарында, орта және жоғары оқу орындарында ілініп тұруы, жүрекке патриоттық сезім ұялатады.

Қазіргі таңда жастар жанашырына айналып, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие, дұрыс бағдар беріп, елге, ана тілге, әке мен анаға деген махаббатын оятып жүрген, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы және әлем кубогының иегері, Еуропа-Азия матчтық кезеңінің жеңімпазы Ардақ Назаров ағамыз қазанның 28-ші жұлдызы Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында студенттермен кездесу өткізді. Алматы қаласынан келген қонақты 500-ге жуық студенттер мен ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен, зейін салып тыңдады.

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Сұлтанғазин университетіне осыдан бір ай бұрын білім қуып, жүрек қалауымен университет табалдырығын аттаған жас өркендеріміз, 1 курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау – 2019» кеші өтті. Қаламыздағы танымал би топтарының бірі Crazy Dance заманауи биімен мерекелік кешті бастап берді. Барлық факультеттің 1 курс студенттері бақ сынасқан бұл кештің басты мақсаты, былтырғы жылы Жаратылыстану-математика факультеті қанжығасына байлаған «ауыспалы кубокты» ұтып алу еді.

"Президент туралы" конституциялық заңның 12-бабына сәйкес, мемлекет басшысы жыл сайын халыққа елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы ауызша немесе жазбаша жолдау жасауға құқылы. 2019 жылдың 2 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республкасының Президенті ретінде парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдауы өтті. Жолдау Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында көгілдір экраннан ұстаздар мен студенттер назарына ұсынылды.

2019 жылдың 1 қыркүйегінде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті алаңында жаңа оқу жылының ашылу салтанаты өтті. Университетіміздің ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы барлық ұстаздар мен студенттерді жаңа бастамамен құттықтап, барлығына сәттілік тіледі. «ҚМПУ дауысы 2019» ән байқауының финалистері Аубакирова Анель, Садық Фараби, Каримова Диана, байқау ұйымдастырушысы Диана Алшимбаева сынды әншілеріміз ән шырқап, «АйАрудың» қыздары мың бұралып билеген айтулы мерекеге, университетімізде талай жыл қызмет жасаған ардагер ұстаздар да келді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар