Жастар жанашыры – Ардақ Назаров

Қазіргі таңда жастар жанашырына айналып, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие, дұрыс бағдар беріп, елге, ана тілге, әке мен анаға деген махаббатын оятып жүрген, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы және әлем кубогының иегері, Еуропа-Азия матчтық кезеңінің жеңімпазы Ардақ Назаров ағамыз қазанның 28-ші жұлдызы Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында студенттермен кездесу өткізді. Алматы қаласынан келген қонақты 500-ге жуық студенттер мен ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен, зейін салып тыңдады. "Спортшылардың ойлау қабілеті төмен, сөзге шорқақ" келеді деген пікірді толықтай жоққа шығарып, өзінің мектебінде шынығатындарға қазақтың классикалық романдарын оқытып, ақындардың өлеңдерін жаттатқызып жүрген отан сүйгіш, жүрегі қазақ деп соғатын, іні-қарындастарына жөн көрсетіп жүрген Ардақ ағамыз жастар арасында кең танымал.

Кездесу басында қонағымыз өзінің ауыр балалық шағына, осы шыңға қандай қиындықпен шыққанына тоқталып кетті. Кейін әке мен ана қадірі, оларға деген құрмет пен парыз, қазіргі жастардың міндеті, қоғамда ненің дұрыс ненің бұрыс екені, қазақ жігітінің жігері мен қазақ қызының ар-намысы сөз болды. Кездесу соңында Ардақ Назаров ағамыз барлық студенттерммен, қонақтармен естелік суретке түсуге тырысты. Көптен күткен кездесу жастардың санасына тамшыдай болса да дұрыс ой салды деген сенімдеміз!

Ardak Nazarov

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Жастар жанашыры – Ардақ Назаров