Что такое выпускной для студента? Это главный праздник, когда в своём долгожданном дипломе ты видишь труд нескольких лет и новый виток судьбы. В этом году, впервые в истории, торжественная церемония вручения дипломов в КГПУ им.У.Султангазина прошла в онлайн формате. Поздравили выпускников ректор, деканы факультетов, заведующие кафедрами, кураторы, родители и студенты младших курсов. «Для меня это было интересно,- говорит Меруерт Нурушева, выпускница Департамента филологии,- очень необычно получить диплом таким образом. Я считаю, всё что ни делается, всё к лучшему, к тому же, такого выпускного ни у кого не было!»
Соңғы жылдары елімізде мұғалім маманның мәртебесі өсуде. Мұғалімдік мамандықты таңдайтын жастардың да қатары артып келе жатқаны байқалады. Мұғалімдік мамандыққа даярлауда кәсіби іс-тәжірибенің маңызы орасан зор. Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде болашақ маманның алғашқы оқу жылынан бастап оқу мерзімінің соңына дейін кәсіби іс-тәжірибеден өтуі, теориялық білімін практикада жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруы ерекше жолға қойылған. Білім алушы студент соңғы курста өндірістік машықтанудан өтеді. Осы орайда Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Нурушева Меруертпен өндірістік машықтануға байланысты сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргіздік.
11-15 мамыр күндері Назарбаев Университетінің ұстаздары ЖОО-да өздерінің білім беру тәжірибелерімен бөлісу мақсатымен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде "Білім берудегі көшбасшылық" атты тақырыпта вебинар өткізді. NUGSE деканы Аида Сағынтаева, NUGSE атқарушы директоры Ерлан Шуланов, институционалдық тиімділік жөніндегі Бас директор Дункан Пристли, институционалдық тиімділік жөніндегі бас менеджер Айжан Мусина болашақ білім беру жүйесі, трансформация кезеңіндегі университеттердің миссиясы мен пайымдауы, академиялық сапаны көтеруде инситуционалды үдеріс, бағдарламаны бекіту мен өзгерту, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу нәтижелеріне қол жеткізу тақырыптарында дәрістер өткізіп, практикалық жұмыстар да ұйымдастырды.
«Қазіргі пандемия жағдайында кенеттен орын алған өзгерістерге біз қаншалықты дайын болдық?», «Сыни ойлары ерекше дамыған, тез шешім қабылдайтын, қазіргі вертуалды әлемнің балалары нені қалайды?», «Жоғары оқу орны өз келешегінің көкжиегін қалайша бағдарлауы керек?», «Әлемдік деңгейдегі, қоғамдағы болып жатқан жағдайлар негізінде оқу орнын академиялық шеберлік орталығы ету үшін қандай шешімдер қабылдануы керек?» деген сауалдар ЖОО білім беру саласында қызмет жасап жүрген кез келген жанды толғандыратыны анық.
2020 жылдың 17 ақпаны мен 28 ақпаны аралығында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген 80 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курстар өтті.
Көктайғақ пен бұрқасын болғанына қарамастан рекрутинг және мемлекеттік қызмет басқармасы деканаттармен бірлесе отырып, болашақ талапкерлерге ақпарат және кеңес беру бойынша университеттің кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда..2020 жылдың 12-13 ақпанында Жітіқара және Денисов аудандары мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
2020 жылғы 7 ақпанда студенттер үшін ЖОО-да құрылған «Freespeech» жаңа диалог алаңы өз қызметін бірінші курстардан бастады. Кездесу барысында академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Г.Мусабекова білім берудегі өзекті мәселелері және басқа да сұрақтар бойынша бірінші курс студенттерімен ашық диалог өткізді. Студенттер әртүрлі жоспарлы сұрақтар қойды. Кіші курс студенттері педагогикалық кадрлардың аймақтарындағы тапшылығы сияқты маңызды мәселелер туралы (олар үшін әлі ерте көрінетін) жылдар бойы ойланып жүретіндігі қатты қуантты.
2020 жылдың ақпан айының басында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған Қостанай арнайы мектебі мен дуальді жобаны іске қосты. Жоба –инклюзивтік алаңда қызметін жүзеге асыратын басқа да мамандандырылған білім беру ұйымдарын қызықтырды. Бүгінгі күні аталған жобаға Қостанай қаласының басқа да мектептері қосылды (№ 21 НМ, № 22 ОМ, № 51 бөбекжай-балабақшасы, Ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға арналған балабақша-мектеп-интернаты Қостанай арнайы кешені, психология-педагогика түзету кабинеті).
2020 жылдың 30 қаңтарында Федоров ауылындағы "Жастар" мәдениет үйінің базасында "Кәсіптер әлемі" кәсіби бағдар беру форумы өтті. Форумға облыстың оқу орындарының өкілдері, аудан мектептерінің директорлары, Федоров ауданының 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Мәжіліс залына 14 орта мектептен 450-ден астам адамы жиналды. Салтанатты іс-шаралар алдында жоғары оқу орындары өкілдерінің Федоров ауданының әкімімен кәсіби бағдар беру жұмысының жағдайы туралы сөйлесуге мүмкіндігі болды. Федоров ауданының әкімі Тауба Қайыржанұлы Исабаев қатысушылардың алдында құттықтау сөзімен сөйледі, ол соңғы жылдары түлектердің көбісі қазақстандық жоғары оқу орындарын, атап айтқанда өңірлік және облыстық ЖОО-дарын таңдайтынын атап өтті. Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің студенттері мен оқытушылары біздің ЖОО-ның бакалавриат және магистратураның барлық білім беру бағдарламаларын сипаттады.
2019 жылы 27 желтоқсанда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Конкурсқа республиканың 81 жоғары оқу орнынан 471 үміткер қатысты. Биылғы жылы оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың жаңартылған сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Байқау нәтижесінде біздің университеттің екі оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды – биология ғылымдарының докторы, профессор Брагина Татьяна Михайловна және тарих ғылымдарының кандидаты Бекмагамбетов Руслан Кабдугалиевич.