Кез-келген жағдайда кәсіптік бағдар беру
- Подробности
- Опубликовано: 13 февраля 2020
Көктайғақ пен бұрқасын болғанына қарамастан рекрутинг және мемлекеттік қызмет басқармасы деканаттармен бірлесе отырып, болашақ талапкерлерге ақпарат және кеңес беру бойынша университеттің кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда..
2020 жылдың 12-13 ақпанында Жітіқара және Денисов аудандары мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға рекрутинг және мемлекеттік қызметтер басқармасының бастығы Н. И. Кабдрахметов, кәсіби бағдар офисінің маманы А. К. Байкин, педагогика кафедрасының аға оқытушысы А. Б. Шалгимбекова, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы М. Д. Жұмашев, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы М. А. Губенко, өнер кафедрасының аға оқытушысы М. Ж. Ордашева, сонымен қатар студенттер Жаманкулова Махаббат (ЕМФ), Ахманова Камила (ЕМФ), Кульманова Дана (ДФ) қатысты.
Кездесуге барлығы 387 оқушы қатысты, оның ішінде 250 -11 сынып, 137 - 10 сынып оқушылары. Кездесу барысында университет қызметкерлері мен студенттері оқушыларға ҰБТ тапсыру ережелері, университетке түсу ережелері, ЖОО-ның басым бағыттары мен білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Оқушыларға дуальді оқыту жүйесінің ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық, мүмкін болатын жеңілдіктер мен студенттердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары туралы білу қызықты болды. Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мәселесіне ерекше назар аударылды, яғни Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алған мамандар Болон процесіне қатысушы елдер арасында сұранысқа ие болады.
Кездесу барысында 110-нан астам түлек қазақстандық жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға ниет білдірді, олардың жартысынан астамы өз өмірін Педагог мамандығына байланыстырғысы келеді. 1 қыркүйекте Жітіқара және Денисов мектептерінің көптеген бүгінгі оқушылары Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері болады деп үміттенеміз.