Синьцзян аграрлық кәсіби-техникалық университетінің жеті студенті біздің Университет негізінде орыс тілі бойынша тілдік курстардан өтті. Қытай елінің білім алушылары біздің Университетімізге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 22 қаңтары мен 10 маусым аралығында білімдерімен алмасты. Орыс тілі бойынша білім беру курстарын Ищанова Раиса Садыкпаевна және Арсаева Сара Болтаевна сынды білікті оқытушылар жүргізді.
Көптілдік орталығында Ағылшын тілі күні. 23 сәуірде Көптілдік орталығында ағылшын тіліне арналған қызықты викторина - ойыны өтті. Бұл шараның мақсаты- студенттерді ағылшынша сөйлейтін елдердің салттарымен таныстыру, нақты айтқанда Ұлыбритания, АҚШ, Австралия мен Жаңа Зеландия. Қатысушылар екі топқа бөлінді. Қатысушыларға бес тақырып ұсынылды: тарих, әдебиет, салттар , көрікті жерлер, тіл. Әрбір тақырып Ұлыбритания, АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландияға байланысты сұрақтардан тұрды.
2018 жылдың 31 қаңтар айында институттың қабылдау комиссиясының қызметкерлері Қостанай қаласы бойынша «UStudy» аймақтық тестілеу орталығымен бірлесіп Алтынсарин, Жангелді, Меңдіғара, Ұзынкөл аудандарының қазақ тілінде оқытатын орта мектептерінің 11 сынып оқушыларына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына экскурсия ұйымдастырды (26 адам). Оқушылардың таныстыру экскурсияның негізгі мақсаты балалардың одан әрі институтқа оқуға түсуі болды. Факультеттің үгіт – насихат жұмысына жауапты қызметкерлері оқушыларға институт, оның түлектері, мемлекеттік жоғары оқу орнында оқытудың артықшылықтарын атап өтті.
2018 жылдың 24 қаңтарында сөйлеу орыс тілін үйрену бағдарламасы бойынша біздің ЖОО білім алып жүрген студенттер үшін қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы Самаркин С.В. ЖОО бойынша экскурсия өткізді. Экскурсия барысында студенттер Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының, қашықтықтан оқыту орталығының жұмысымен танысты. ҚМПИ жаратылыстану мұражайына барып қайту үлкен қызығушылық тудырды. Жаратылыстану кафедрасының аға оқытушысы және мұражай қызметкері Курсов С.И. Қостанай облысының биоалуантүрлілігінің ерекшеліктері, ерекше палеонтологиялық табылған нәрселер туралы әңгімелеп берді.
2018 жылдың 24 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің ұйымдастыруымен Педагогикалық шеберлік орталығы АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі», Абай атындағы ҚазҰПУ бірігіп дайындаған «Орта білім беру жүйесінің мазмұнының жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды Қазақстан республикасы ЖОО профессор-оқытушылар құрамына арналған Абай атындағы ҚазҰПУ қолдауымен 2018 жылдың 8-12 қаңтар аралығында біліктілікті арттыру курстарын өткен, жаратылыстану-математика факультетінің физика математикалық және жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Асканбаева Г.Б., Қосжанова А.Г., өткізді.
2018 жылдың 24 қаңтарында қосымша және қашықтан білім беру факультетінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауы бойынша пікірталас өтті. Факультет деканы Самаркин С.В. Жолдаудың негізгі бағыттарын айтып өтті. Қашықтықтан оқыту орталығының басшысы Радченко П.Н. ЖОО-ғы педагогикалық процесті цифрландыру және оның келешегі туралы мәселеге назар аударды. Факультеттің маманы Ищанова Р.С. мектептер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу мәселесінде әдіснамалық қолдау қажеттілігі туралы мәселе көтерілді.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен Шынжан аграрлық кәсіби-техникалық институты арасындағы негіздемелік келісім негізінде сөйлеу орыс тілін үйрену бағдарламасы бойынша біздің ЖОО Қытайдан 7 студент келді. Шетел студенттері үшін оқу процессті қосымша және қашықтықтан білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және академиялық ұтқырлық орталығымен (жетекшісі Искандиров В.Б.) бірлесіп ұйымдастырды. Сөйлеу орыс тілін үйрену бағдарламасы бойынша сабақтарын ЖОО тәжірибелі педагогтары мен мамандары өткізеді – орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы Арсаева С.Б., қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің маманы Ищанова Р.С.
Қазақстандық білім беру жүйесі негізгі элементтерінің үздіксіз жаңғырту жағдайында: мазмұны, технологиялары, ұйымдастырылуы, қамтамасыз етуі және басқаруы. Оқу процессіне инновациялық технологияларды енгізу еліміздің барлық білім беру мекемелерінің оқытушыларына жүктелген маңызды міндет болып табылады. Инновациялық қызмет білім беру қызметінің нарығында білім беру мекемесінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға, мұғалімнің кәсіптік өсуінің бағыттарын айқындайды, оның шығармашылық ізденісіне, студенттердің жеке өсуіне ықпал етеді.
2018 жылдың 10-12 қаңтарында ЖОО оқытушылары үшін Кембридж университетімен бірлесіп (Ұлыбритания), АҚ «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» педагогикалық шеберлік Орталығымен әзірленген, Үшдеңгейлі бағдарламасы бойынша курстарын өткен тренер-оқытушылар әдістемелік семинарлар өткізді.
2018 жылы 11 қаңтарда қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің ұйымдастыруымен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты мектеп бағдарламасын жаңарту аясындағыбағалау түрлері жағдайын талқылау және Қостанай қаласындағы ММ ФМЛ-де бағалаудағы жұмыс тәжірибесімен танысу. Семинарда қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың теориялық негіздері, мектепте оқыту процесінде берілген бағалау түрлерін енгізу және қолдану мәселелері талқыланды.