Қостанай қаласы бойынша «UStudy» аймақтық тестілеу орталығымен ынтымақтаса жұмыс жасаймыз

2018 жылдың 31 қаңтар айында институттың қабылдау комиссиясының қызметкерлері Қостанай қаласы бойынша «UStudy» аймақтық тестілеу орталығымен бірлесіп Алтынсарин, Жангелді, Меңдіғара, Ұзынкөл аудандарының қазақ тілінде оқытатын орта мектептерінің 11 сынып оқушыларына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына экскурсия ұйымдастырды (26 адам). Оқушылардың таныстыру экскурсияның негізгі мақсаты балалардың одан әрі институтқа оқуға түсуі болды.

Факультеттің үгіт – насихат жұмысына жауапты қызметкерлері оқушыларға институт, оның түлектері, мемлекеттік жоғары оқу орнында оқытудың артықшылықтарын атап өтті.

Балалар оқу кабинеттері, зертхана, мұражай, робототехника кабинеттеріне барды, оқытушылармен әңгімелесті. Оқушылар институт факультеттері жөнінде толық ақпарат алды.

Барлық оқушыларға институт, факультет пен кафедралар туралы ақпараттық буклеттер берілді.

Аталған экскурсия жүргізгеннен кейін біз олармен одан әрі ынтымақтаса жұмыс пен қарым-қатынас жасай аламыз деп үміттенеміз, өйткені 26 түлектің 15-і Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына түсетіндерін жоспарлауда. Қабылдау комиссиясына олар өздерінің байланыс телефондарын қалдырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Қостанай қаласы бойынша «UStudy» аймақтық тестілеу орталығымен ынтымақтаса жұмыс жасаймыз