Қытай студенттері орыс тілінде сөйлеуге үйренді
- Подробности
- Опубликовано: 24 мая 2018
Синьцзян аграрлық кәсіби-техникалық университетінің жеті студенті біздің Университет негізінде орыс тілі бойынша тілдік курстардан өтті.
Қытай елінің білім алушылары біздің Университетімізге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 22 қаңтары мен 10 маусым аралығында білімдерімен алмасты. Орыс тілі бойынша білім беру курстарын Ищанова Раиса Садыкпаевна және Арсаева Сара Болтаевна сынды білікті оқытушылар жүргізді. Орыс тілін стандартты емес әдіс–тәсілдермен және оқытудың тиімді әрі қызығушылық тудыратын қызықты үлестірмелі материалдарды пайдалана отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Студенттер орыс тілін мақсатты түрде үйренуге келгендіктен алғашқы күннен бастап, білім нәрімен сусындайтын оқу орнымен және қаланың тыныс тіршілігімен танысты және университеттің қоғамдық өміріне белседі түрде араласты. Қалада еркін жүріп, достары және тәлімгерлермен үнемі қарым-қатынаста болу үшін орыс тілін меңгеру соншалықты маңызды екенін, шетел студенттері толық түсінді. Сондықтан орыс тілін үйренуге аса қызғушылық білдіріп, жауапкершілікпен қарады.
Орыс тілінің қиын, бай және қасиеттілігін түсінген шетелдік студенттер тек дәрісханада ғана емес, одан тыс уақытта сөйлесуге тырысты. Шетелдіктердің Ресей және қазақ мәдениетіне, салт-дәстүріне және тіліне деген қызығушылықтары оқытушыларды қуантады. Түрлі елдердің іскерлік қарым-қатынасы мен өзара ынтымақтастығы туристік және сауда маршруттарының барлық деңгейде дамуына әкелетіні белгілі. Ал табысты іскерлік үшін адамға ең қажетті тілді терең меңгеру, осыған байланысты орыс тілі – Қытай елінде әліде танымал болу фактісі қуанарлық жағдай.
Оқу кезеңінде қытайлық студенттермен күн сайын ынтымақтаста болу арқылы олардың ашық, инабатты, тәрбиелі, үлкен кісілерге құрметпен қарайтыны, жауапкершіліктері мол тұлғалар екенін түсіндік. Сырттан келген білім алушылар үшін институт қызметкерлері Искандиров Владислав Бекмуратович, Самаркин Сергей Владимирович, Гаус Оксана Александровна түрлі саяхат, іс-шаралар ұйымдастырып, қаланың салт-дәстүрі, тыныс - тіршілігімен таныстырды.
Студенттер қаладағы театр, филармония, мұражай, көрме залдары, кітапхана, кинотеатрларында болып, қала тұрғындарымен сөйлесіп, тілдерін жатықтырып, сөздік қорларын байытты. Қытай студенттеріне Қостанай қаласы орыс тілін үйренуге келген қала ғана емес, ол жаңа достарымен, жаңа бір серпіліспен есте қалары сөзсіз. Әлемнің түкпірінен келген Қостанай қаласының студенттерін орыс тілінде сөйлеу, яғни халықаралық ресми тілде қарым-қатынас жасау біріктіреді.
Қытайдан келген студенттерге Қостанайдай көркем қала, аса бір қимастық сезім сыйлағаны анық. Білім алушылар оқытушыларға шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Студенттер орыс тілі пәні бойынша емтиханды ойдағыдай тапсырып, сертификаттарға ие болды.