Оқытушылар біліктілігн арттыру курстарының нәтижелері бойынша әдістемелік семинарлар циклы
- Подробности
- Опубликовано: 12 января 2018
2018 жылдың 10-12 қаңтарында ЖОО оқытушылары үшін Кембридж университетімен бірлесіп (Ұлыбритания), АҚ «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» педагогикалық шеберлік Орталығымен әзірленген, Үшдеңгейлі бағдарламасы бойынша курстарын өткен тренер-оқытушылар әдістемелік семинарлар өткізді.
І. Оқытудағы және білім берудегі жаңа тәсілдер: диалогті және топтық оқыту; сын тұрғысынан ойлауды оқыту.
ЖОО оқытушылары Алиева Д.А, Абдрашева А.К, Сейсембай Г.А., Данилова В.В, Жусупова Д.Ж., Кушмурзина Д.Х., Молдахметова Г.М., Демисенова Ш.С., Маканова А.Ж., Калиниченко О.В. оқу процессіне инновацияларды еңгізу тәжірибесімен бөлісті. Семинар жұмысына әртүрлі факультеттер оқытушылары интерактивті әдістемелік тәсілдер қолдана отырып, жеке және топта жұмыс жасап, белсенді қатысты. Теориялық білім тәжірибелік сабақтармен нығайтылды.
Оқыту мен білім беруде жаңа тәсілдерін қолданудың арқасында, сабақтарда оқытушылар мен студенттердің оқу және танымдық мотивациясы көтеріледі, кейбір мәселелерді шешуде қабілетсіз болу қорқыныш деңгейі түседі, білімді меңгеруі мен өзектілігінің тиімділігі арта түседі, топтық жұмыс аудиториядағы психологиялық климатты жақсартады: өзара сыйластықты дамытады, диалогты жүргізуге және өз көзқарасын дәлелдеуге үйретеді.
Семинар қатысушыларының айтуынша, диалог арқылы оқыту мен білім беру студенттер, студент пен оқушылар арасындағы диалог студенттерге өз ойын құрып дамытуға мүмкіндік беретін тәсілді қарастырады. Жұптасқан және топтық жұмыс процессінде, тындаушылар нәтижеге жету үшін бар күшін салатын толық құқылы серіктестер болды.
ІІ. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Оқытудың тиімді бағасы және оқыту үшін тиімды баға түсінігі оқыту мен білім берудегі барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Білі алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, білім беру, оқыту және бағалау өзара байланысты және оқу процессінің ұйымдастырылуына бірыңғай тәсілді қамтамасыз ететіндігіне негізделген. ЖОО оқытушылары (Анасова А.Б., Еришева Т.А., Есмагамбетова Ш.К., Абильмаликов К.К., Божекенова Ж.Т., Таурбаева Г.У., Шагиахметова Л.М., Баубекова Г.К.) семинар қатысушыларын формативтік және суммативтік бағалауды біріктіретін критериалды бағалау жүйесімен таныстырды. Семинарға ФМЛ, №1 және №8 ОМ ұстаздары қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар өнімді өтті. Білім алышулардың игерген деңгейін өлшеу үшін әртүрлі әдістер қолданылды: «Екі жұлдыз және бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Бір минуттік эссе», «Сөздік үлгілер», «Үш минуттік үзіліс», «Сөздік баға», викториналар, сауалдар және т.б.
ІІІ. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
ИКТ және жаратылыстану кафедраларының оқытушылары Даулетбаева Г.Б., Ергалиева Э.М. семинар қатысушыларын ISpring мүмкіндіктерімен, атап айтқанда QuizMaker тесттерін жасау үшін қажетті бағдарламамен және онлайн қол жетімді, орнатуды талап етпейтін сервистермен: Kahoot, Survio және Google Формалар таныстырды.
Берілген бағдарламалардың арқасында қатысушылар тесттік тапсырмалардың әртүрлі типтерін жасады. Семинардың басында қатысушылар бой жазу үшін Kahoot сервисінде жасалған ойынға қатысты. Kahoot - викториналар, дидактикалық ойындар мен тесттерді жасау бағдарламасы.
Survio сервисінде қатысушылардың сауалнамасы қызықты өтті. Survio (survio.com) - онлайн сауалнама жасау үшін өте ыңғайлы сервис.
Қатысушылар Google Forms сервисінде тесттерді жасауда белсенді қатысты. Google Forms – бірлесіп жөндеу мүмкіндігі бар, сауалнама парақтарын, электронды сауалнамаларды жасайтын құрал. Тәжірибелік тапсырма ретінде семинар қатысушыларына осы сервис арқылы тесттік сұрақтардың әртүрлі формаларын жасау ұсынылды.
Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Ковш Н.А. критериалды бағалауды сабақта еңгізу тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушылардың үміттерін ақтады.