Ағылшын тілі күні

Көптілдік орталығында Ағылшын тілі күні. 23 сәуірде Көптілдік орталығында ағылшын тіліне арналған қызықты викторина - ойыны өтті. Бұл шараның мақсаты- студенттерді ағылшынша сөйлейтін елдердің салттарымен таныстыру, нақты айтқанда Ұлыбритания, АҚШ, Австралия мен Жаңа Зеландия. Қатысушылар екі топқа бөлінді. Қатысушыларға бес тақырып ұсынылды: тарих, әдебиет, салттар , көрікті жерлер, тіл. Әрбір тақырып Ұлыбритания, АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландияға байланысты сұрақтардан тұрды.

Тапсырмалар алуан түрлі болды: блиц- сұрақтар, ресурстар, географиялық карталарды пайдалану бойынша сұрақтар, сызбалар және т.б. Тапсырмалар қатысушылардан тек елтану бойынша жақсы білімдерін ғана талап етпей, логикалық ойлау қабілетті де талап етеді. Студенттер шараға белсенді қатысып, ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. Шараның аяғында жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Ағылшын тілі күні