Сөйлеу орыс тілін үйрену бағдарламасы бойынша біздің ЖОО Қытайдан 7 студент келді

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен Шынжан аграрлық кәсіби-техникалық институты арасындағы негіздемелік келісім негізінде сөйлеу орыс тілін үйрену бағдарламасы бойынша біздің ЖОО Қытайдан 7 студент келді.

Шетел студенттері үшін оқу процессті қосымша және қашықтықтан білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және академиялық ұтқырлық орталығымен (жетекшісі Искандиров В.Б.) бірлесіп ұйымдастырды.

Сөйлеу орыс тілін үйрену бағдарламасы бойынша сабақтарын ЖОО тәжірибелі педагогтары мен мамандары өткізеді – орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы Арсаева С.Б., қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің маманы Ищанова Р.С. Сабақтар 2018 жылдың 19 қаңтарында басталды және шығармашылық ортада өтуде. Курстын сөйлеу бағыты тек теория оқуға ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен бірінші сабақтан сөйлесуге мүмкіндік береді. Оқыту қазірдің өзінде ел, отбасы, Қазақстан мен қостанайлық жердің әсері жайлы үнемі диалогтармен өтеді. Қытай студенттері тілді оқытуда үлкен ықылас танытты. Олардың мақсатты және тиімді жұмысын атап өтуге болады. Нәтижесі күнделікті қарым-қатынас пен кәсіби салада орыс тілін практикалық игеру болып келеді.

Курс тындаушылары ҚМПИ ақпараттық-кітапханалық орталығында болып қайтты, оқудан бос уақытта оқу залында оқу-әдістемелік әдебиетпен жұмыс жасады. Қытайлық студенттерді Чарльз Патрик Фицджеральттің «История Китая» кітабы, Жян Бозан, Шау Шұнжың, Ху Хуа «Қытай тарихынан шолу» кітабы және тағы басқа Қытай туралы кітаптар жағымды таң қалдырды.

Қосымша, көптілділік орталығымен ынтымақтаса отырып, көркем фильмдерді қарап, оларды талқылау басталды. Қытай студенттері үшін жарты жыл жалғасады.

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Сөйлеу орыс тілін үйрену бағдарламасы бойынша біздің ЖОО Қытайдан 7 студент келді