2016 жылдың 24-26 қарашасында Назарбаев Университетінің Білім беру Жоғары мектебінің қосымша білім беру департаменті қызметкері Нурхан Омарбеков Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты негізінде өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жалпы білім беру орта мектептерінің «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру тілдік курстарына қатынасты.

2016 жылдың 14 мен 25 қарашасында ҚР ҒБМ 204100 «Жоғары, жоғары білімнен кейін мамандарды дайындау және оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы негізінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында институт оқытушылары мен «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне дәріс пен оқу сабақтары Батыс-венгр университеті (Сомбатхей қ., Венгрия) М.Фрешли, PhD философия докторы, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті дәріс пен оқу сабақтарын өткізді.

Бүгін, 18 қараша куні ҚМПИ-та «ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту іс-шаралары жайлы» ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Джаксыбеков А.Р. тапсырысын іске асыру аясында, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік тілде Республикалық шығармалар сайысының 1 кезеңі (аймақтық) өтті. Сайысқа барлық ниет білдірушілер қатыса алды. Ол үшін жас ерекшеліктер бойынша әдейі 4 топ ұйымдастырылды: 1 топ – 7-9 сыныптар; 2 топ – 10-11 сыныптар; 3 топ – кәсіби мектеп пен колледждер оқушылары (орта кәсіби білім алу); барлық ниет білдірушілер (ЖОО студенттері, қызметкерлер, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, т.б.). Әр топқа қазақ тілін білетіндер және мемлекеттік тілді оқып жүргендер ұсынылды.

2016 жылдың 13 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың оқытушылары мен студенттері «Тәуелсіздік Қазақстан поезді» республикалық акция аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздік тарихы – ұлт рухының өлшемі» - «История независимости-отражение духа Нации» және «Мәңгілік Ел - Болашағы Біртұтас ұлттың рухани негізі» - Мәңгілік Ел – духовная основа Нации Единого Будущего» дәріс-презентациясына қатысты. Академик, профессор, философия докторы, «Нұр Отан» талдау, болжау, әлеуметтік бастамалар Орталығының директоры, «CivicPeace» «Азаматтық әлем» Халықаралық одақ Президенті Казкенов Казбек Майлыбаевич өз сөзінде: «Бізде бір мақсат – мықты мемлекет құру - Мәңгілік Ел. Қазақстан құрылғаннан бері, танылатын және лайықты елге айналды.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2016 жылдың 31 қазанынан бастап 12 қарашасына дейін мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Ақсүйектілік және дінтану негіздері» курсын оқытуындағы активті әдістер мен интерактивті оқыту технологиялары» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті.

2016 жылдың 10-14 қараша аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі Талғат Асқаров және «Серпін-2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Күлзия Тобатаева Қостанай облысына іс сапармен келді. 11 қарашада жоба тәлімгерлері облыстық жастар саясаты басқармасының өкілдерімен бірге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Серпін-2050» жоба аясында білім алып жатқан студенттермен кездесті.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2016 жылдың 17 қазанынан бастап 29 қазанына дейін мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Педагогтың кәсіби қызметіндегі инновациялық оқыту технологиялары» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті.

2016 жылғы 15 қыркүйек пен 13 қазан аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарихи мұражайында мұражай меңгерушісі Г.А.Карина бірінші курс студенттеріне мұражайды аралатып, экскурсия өткізді. Мақсаты – студенттерді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрылған күнінен бергі бай тарихымен таныстыру. Г.А.Карина институт дамуының жекелеген кезеңдерін көрсететін материалдар орналастырылған мұражай стендтері мен көрмесіне назарларын аудартып, институт тарихы, профессорлар, еңбек ардагерлері, оқытушылар мен студенттердің жетістіктеріне арналған стендтерді көрсетті.

18 мамыр күні ҚМПИ-да «Жас мамандарды жұмысқа бөлу жөнінде комиссия құру туралы» 22.04.2016 ж. № 16-Т бұйрығының негізінде күндізгі және сырттай бөлімдерде білім алушы 2016 жылдың болашақ түлектерін жұмысқа бөлу рәсімі өткізілді. Комиссия жұмысына комиссия төрағасы институт ректорының м.а. Әбіл Е.А., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің Мырзахметова С.У., оқу-әдістемелік басқарма бастығы Кифик Н.Ю., Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімі кадр бөлімінің жетекшісі Дощанова А.Д., факультет декандары, практика, жұмыспен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева А.Б. қатысты.

2016 жылдың 12 мамыры күні сағат 12.00 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен болашақ түлектері Қазақстан Республикасы Министрлігінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департаменті жетекшісінің орынбасары Досекенов А.М. кездесу өткізді. Кездесу барысында Доскенов А.М. мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы ақпарат жеткізді, қатысушылар назарына «Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болад» тақырыбында презенетация ұсынылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс