Облыстық Достық үйінде дәріс-презентациялар
- Подробности
- Опубликовано: 13 ноября 2016
2016 жылдың 13 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың оқытушылары мен студенттері «Тәуелсіздік Қазақстан поезді» республикалық акция аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздік тарихы – ұлт рухының өлшемі» - «История независимости-отражение духа Нации» және «Мәңгілік Ел - Болашағы Біртұтас ұлттың рухани негізі» - Мәңгілік Ел – духовная основа Нации Единого Будущего» дәріс-презентациясына қатысты. Академик, профессор, философия докторы, «Нұр Отан» талдау, болжау, әлеуметтік бастамалар Орталығының директоры, «CivicPeace» «Азаматтық әлем» Халықаралық одақ Президенті Казкенов Казбек Майлыбаевич өз сөзінде: «Бізде бір мақсат – мықты мемлекет құру - Мәңгілік Ел. Қазақстан құрылғаннан бері, танылатын және лайықты елге айналды.
«Злата» болгар мәдени орталығының төрағасы (Астана қ.) Андриевская Ольга Олеговна Дымов Олег Григорьевичтің Қазақстанға деген махаббаты мен патриотизмге толы өлеңін оқып берді. «Ахыска» Қазақстан түріктерінің қоғамдығы» АҚ филиалының төрағасы Аскер Пириев өз сөзінде: «Елді тұрақты дамыту үшін біз білікті, эрудит, зияткерлік дамыған болуымыз керек. Бүгінгі таңда жастарға үлкен үміт артылған, елімізде жас мамандардан лайықты қор болу керек» - деп айтып өтті.