"Серпін-2050" бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 11 ноября 2016
2016 жылдың 10-14 қараша аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі Талғат Асқаров және «Серпін-2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Күлзия Тобатаева Қостанай облысына іс сапармен келді.
11 қарашада жоба тәлімгерлері облыстық жастар саясаты басқармасының өкілдерімен бірге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Серпін-2050» жоба аясында білім алып жатқан студенттермен кездесті. Сонымен қатар, оқу жағдайларымен және бағдарламаларымен танысып, студенттердің тұрмыс жағдайлары мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында жатақханаларды аралап шықты. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырумен, студенттердің бос уақытын қамту, тұратын орындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты.
Қазіргі таңда ҚМПИ-да «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 379 студент білім алуда. Кездесу барысында оқу мәселесі, студенттердің сауықтыру шараларына қатысулары, бағдарлама негізінде түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі, бағдарламаны одан әрі іске асыру жолдары талқыланды.
«Серпін -2050» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы Күлзия Қадырқызы «Серпін-2050» жобасының мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Балаларға жаңа қадамдарына сәттілік тілеп, үнемі даму үстінде болуларына, «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша магистратура және докторантурада грант иеленуге мүмкіндік бар екендігін жеткізді.
Студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстарын білдірді. Серпіндерінің көшбасшысы «Дефектология» мамандығының 3 курс студенті Әбілдаева Аяулым студенттер атынан сөз алды, сенім артқаны үшін алғыс білдіріп, өзінің шығарған арнауын оқыды.