Институт түлектерін жұмысқа орналастыру жөнінде комиссия отырысы
- Подробности
- Опубликовано: 18 мая 2016
18 мамыр күні ҚМПИ-да «Жас мамандарды жұмысқа бөлу жөнінде комиссия құру туралы» 22.04.2016 ж. № 16-Т бұйрығының негізінде күндізгі және сырттай бөлімдерде білім алушы 2016 жылдың болашақ түлектерін жұмысқа бөлу рәсімі өткізілді. Комиссия жұмысына комиссия төрағасы институт ректорының м.а. Әбіл Е.А., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің Мырзахметова С.У., оқу-әдістемелік басқарма бастығы Кифик Н.Ю., Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімі кадр бөлімінің жетекшісі Дощанова А.Д., факультет декандары, практика, жұмыспен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева А.Б. қатысты.
Жұмысқа бөлу бойынша жұмысты Әбіл Е.А. бастады, ол студенттерді өмірдің жаңа кезеңіне аттағанымен, яғни жұмысқа орналасу мүмкіндігімен құттықтады. Практика, жұмыспен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева А.Б. 2012 жылдың 30 наурызындағы № 390 қаулысына сәйкес жұмыспен қамту және жас мамандарға жұмысқа жолдама беру жөніндегі толықтырулар мен өзгерістерді жеткізді.
Жұмысқа бөлу рәсіміне мемлекеттік білім грант бойынша білім алушы 332 болашақ түлек қатысты, олардың 90-ы «ауылдық (селолық) квота» шегінде. Қатысушы болашақ түлектердің 65,6 % мемлекеттік білім беру мекемелерінің ұсынған сұраныстары негізінде жұмысқа бөлінді.
Қостанай облысчы әкімдігі Білім басқармасының «Құқық және экономика негіздері», «Дефектология», «Химия», «Кәсіптік оқыту», «Биология», «География» мамандықтары бойынша болашақ түлектреге ұсынылған бос жұмыс орындарының жұмыс көлемі аз болғандықтан олар Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысына сәйкес болашақ түлектер институтты аяқтағаннан соң тұрғылықты жерлеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жіберіледі.
Сонымен қатар, ақылы негізде білім алушы 20 болашақ түлек жұмысқа бөлінді.