2013 жылдың 26 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалык институтында «Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына: - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, - ҚР ІІМ Қостанай академиясы, - М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, - З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің өкілдері қатысты.

Үстіміздегі жылдың 8 сәуірінде, ҚМПИ мәжіліс залында нститут ректоры Қуат Маратұлы Баймырзаевтың бастамасымен ҚР Парламент Мәжілісі депутаты М.Бегентаевпен белсенді студенттердің кездесуі өтті. Кездесудің басты тақырыбы ретінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қарастырылды.

2013 жылдың 5 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің білім баскармасымен бірлесіп Қостанай мемлекеттік педагогикалык институты "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Костанай облысы білім беру мекемелерімен әлеуметтік серіктестік мәселелері мен болашағы" тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел отырысын өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына педагогтар, ғылым және педагог қызметкерлері, жоғары, жалпы және қосымша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушыларының назарына іліккен басты мәселелер:

Құрметті студенттер! 2013-2014 оқу жылының 1 семестрінде ішкі академиялық ұтқырлық (ҚР ЖОО-ында) бойынша білім алғысы келетін барлық үміткерлер 2013 жылдың 4 сәуіріне дейін деканатқа өтініш берулері қажет. Үміткерлерді таңдаудың негізгі критериелері: академиялық кезеңнің соңындағы студенттің оқу үлгерімі, факультет деканының мінездемесі болып табылады.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының жыл сайын факультет, институт бойынша өтетін кафедра апталығының жоспары бойынша археология және этнография орталығының ашылуы институт тарихындағы ең бір айтулы оқиға болды.

2012 жылдың 18-19 маусымында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының базасында «Республика жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында жоғары оқу орындары мен колледждері кітапханаларының облыстық әдістемелік орталықтары – жоғары оқу орындары кітапханаларының республикалық семинары өтуде.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, жаратылыстану-математика факультеті биология және география кафедрасының экология мен биология мәселелерінің ғылыми-зерттеу орталығы ғылым және білім мекемелерінің және тірі табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік қорының қолдауымен(WWF), «ОЭО Наурызым» қоғамдық бірлестігі, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 5-6 маусымында Қостанай қаласында және Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында «Азия далаларындағы биологиялық алуантүрлілік» және «Киіктердің популяцияларын қалпына келтіру және сақтау» дөңгелек столы негізінде II Халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияға қатысушылардың арасында 12 ғылым докторлары мен 29 ғылым кандидаттары болды. Конференция жұмысы ақпарат құралдарымен қамтамасыз етілді.

ҚҰТТЫҚТАУ! Академиялық ұтқырлық бағдарламасының шеңберінде Францияның Перпиньян қаласындағы ВИА Домисия университетінде бір семестр бойы тегін оқуға сертификат жеңіп алған: Касенову Асель - 3 курс, ФФ, Каримулдину Миизгуль - 3 курс, ФФ, Нурмагамбетову Айнур - 3 курс, ФФ, Уразбаеву Мадину - 2 курс, ФФ, Тургынгожину Назерке - 3 курс, ФФ, Батыс Вирджиния (АҚШ) штаты университетінің сертификатын жеңіп алған: Нагибину Ульяну - ФФ, 3 курс, Дацко Ксению - ФФ, 3курс табыстарымен шын жүректен құттықтаймыз!

ҚМПИ ректораты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Бір семестр бойы шет елдік ЖОО-ДА» деген Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскені туралы жариялайды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылдың 20 сәуіріндегі № 175 бұйрығымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, 2012 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бір семестр бойы шет елдердің жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін студенттерінің саны бекітілді.

2012 жылдың ақпан айының 22 – ші жұлдызында ҚМПИ қабырғасында филология факультетінде студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Конференция 3 бөлімнен тұрды, яғни ашылу салтанаты, әрбір топтардың секциялары және марапаттау (жабылу) рәсімінен. Ашылу кезінде: ҚМПИ проректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы, БТА банк атынан Мади Дауітқазыұлы, филология факультетінің деканы Жаркова Валентина Ивановна, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының окытушысы, кандидат Иісова Эльмира Әділханқызы, ағылшын кафедрасының оқытушысы доцент Кудрицкая Марина Ивановна, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының роман-герман тілдер тобының окытушысы,кандидат Пчелкина Татьяна Ростиславовна және ҚМПИ профессоры Оспанова Айша Султановна ақ тілектерін, пейілдерін, құттықтау сөздерін арнады. Жобаға мектеп, лицей оқушылары да белсене ат салысты. Ашылу салтанаты аяқталған соң әрбір қатысушылар, тыңдаушылар өздері калаған секция бойынша аудиториялдарға бөлінді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс