Ішкі академиялық ұтқырлығы бойынша оқыту (ҚР ЖОО-ында)

Құрметті студенттер! 2013-2014 оқу жылының 1 семестрінде ішкі академиялық ұтқырлық (ҚР ЖОО-ында) бойынша білім алғысы келетін барлық үміткерлер 2013 жылдың 4 сәуіріне дейін деканатқа өтініш берулері қажет. Үміткерлерді таңдаудың негізгі критериелері: академиялық кезеңнің соңындағы студенттің оқу үлгерімі, факультет деканының мінездемесі болып табылады. Факультет декандары комиссияның жұмыс жасауы үшін оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректорға студенттердің өтініштерін ұсынады.

Серіктес ЖОО-дың тізімі:

  1. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты;
  2. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты;
  3. Семей мемлекеттік педагогикалық институты;
  4.  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі», 5В050300 «Психология» мамандықтары );
  5. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;
  6. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты;
  7. Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;
  8. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемелекеттік университеті;
  9. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
  10. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
  11. Рудный индустриалды институты;
  12. З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті;
  13. Қостанай инженерлік-педагогикалық университеті.

Толығырақ ақпаратты факультет декандарынан алуға болады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Ішкі академиялық ұтқырлығы бойынша оқыту (ҚР ЖОО-ында)