Аймақтық дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2013
2013 жылдың 5 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің білім баскармасымен бірлесіп Қостанай мемлекеттік педагогикалык институты "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Костанай облысы білім беру мекемелерімен әлеуметтік серіктестік мәселелері мен болашағы" тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына педагогтар, ғылым және педагог қызметкерлері, жоғары, жалпы және қосымша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушыларының назарына іліккен басты мәселелер:
1. Әлеуметтік серіктестік: жоғары білім беру мәселелері мен даму болашағы:
- білім саласындағы әлеуметтік серіктестіктің ерекшеліктері;;
- фәлеуметтік серіктестік жағдайындағы педагогикалық жоғары оқу орындары мен білім беру мекемелерінің қызметі;
- жоғары оқу орындары мен білім беру мекемелерінің арасындағы әлеуметтік серіктестік түрлері.
2. Мұғалімнің кәсіби стандарты әлеуметтік серіктестіктің нәтижесі ретінде:
- мектептің педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігіне қоятын талаптары;
- шағын кешенді мектептің мұғаліміне қойылатын біліктілік талаптары;
- инновациялық мектепте қызмет атқаратын мұғалімнің кұзырлығы;
- Қазақстан Республикасының педагогтардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының шеңберінде сертификатталған мұғалімдерге қойылатын талаптар.
3.Білім саласында әлеуметтік серіктестікті жүзеге асыру жолдары:
- оқытуды кәсіптендіру: мектеп табалдырығынан бастап, мұғалімдерді даярлау;
- мұғалімдерді 12 жылдық мектеп жұмысына даярлау: қиыншылықтары мен болашағы;
- түлектердің біліктілік сипаттамалары және олардың жұмыска орналасуы жөнінде білім баскармасының жоғары оқу орындарымен әріптестігі.