Археология және этнография орталығы ашылды
- Подробности
- Опубликовано: 19 ноября 2012
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының жыл сайын факультет, институт бойынша өтетін кафедра апталығының жоспары бойынша археология және этнография орталығының ашылуы институт тарихындағы ең бір айтулы оқиға болды.
2012 жылдың 14 қараша күні аталған институтта тарих және өнер факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы жанынан, археология және этнография орталығының ашылуы салтанатты түрде өтті. Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде институт ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Баймырзаев Қуат Маратұлының және осы игі бастамаға тікелей мұрындық болған тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлының көк лентаны қиып, құттықтау тілектерінен бастау алды. Аталған жиынға институт факультеттерінің декандары, кафедра меңгерушілері, институт қызметкерлері, факультет студенттері қатынасты.