ЖОО кітапханаларының республикалық семинары
- Подробности
- Опубликовано: 19 июня 2012
2012 жылдың 18-19 маусымында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының базасында «Республика жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында жоғары оқу орындары мен колледждері кітапханаларының облыстық әдістемелік орталықтары – жоғары оқу орындары кітапханаларының республикалық семинары өтуде.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының өкілдері, ұлттық жоғары оқу орындары мен колледждер кітапханаларының облыстық әдістемелік орталықтары – жетекші мемлекеттік жоғыры оқу орындары ғылыми кітапханаларының басшылары қатысады.
Семинардың мақсаты – жоғары оқу орындары аралық серіктестікті және білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі республика жоғары оқу орындары кітапханаларының бірлескен кітапханалық-ақпараттық қызметін дамыту.