2014 жылдың 8 сәуірінде «Кафедра апталығы» бағдарламасына сәйкес жоо студенттері мен педагогикалық колледж оқушылары, жас мұғалімдер, оқытушылар үшін институттың 75 жылдығына арналған студенттік ғылыми-практикалық «Педагогикалық ғылым жастар көзімен» атты конференция өтті. Аталған конференция түрлі секцияларда мемлекеттік және орыс тілдерінде төмендегі бағыттар бойынша өтті: 1. Қостанай облысындағы кәсіби-педагогикалық білімнің қалыптасуы. 2. Педагогтің тұлғасы мен дәрежесі: тарих және замануилық.
ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ РЕКТОРАТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ «БІР СЕМЕСТР БОЙЫ ШЕТ ЕЛДІК ЖОО-ДА» ДЕГЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КІРІСКЕНІ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 03 ақпандағы №28 бұйрығына сәйкес, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2014 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бір семестр бойы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдердің жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін студенттерінің саны бекітілді.
2014 жылдың 20 наурызында профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы аясында Макао университетіне (Қытай) іссапардан шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.И. Кудрицкая мен кафедра оқытушысы Е.А. Кудрицкая оралды. 8-17 наурыз айында олар Макао университетінің Ағылшын тіл орталығында жұмыс істеді. Академиялық мақсатта студенттерге барлық төрт деңгейде ағылшын тілінен сабақ беріп, орталықтың әріптес-қызметкерлерімен тәжірибе алмасты. Қазақстан мемлекеті және «Қазақстан Республикасындағы үштілділік» мәдени жобасы жайында ақпараттармен бөлісті.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуы заманауи Қазақстанның экономикасы үшiн оның маңызын айқындайтын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басымдылықтарының бiрi болып табылады. Сондай-ақ 2013 жылдың басында Елбасы «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды
2014 жылдың 24 қаңтарында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының кураторлары (Баубекова Г.К., Омарова К.И., Коваль В.В., Жусупова А.У, Ахметова Э.Б., Баймаганбетова К.Т.) «ҚМПИ студенттерінің академиялық мобильділік» бағдарламасына қатысқан студенттерімен кездесуді ұйымдастырды.
2014 ж. 14-17 қаңтар аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында шетел тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кабинеті ШТФ деканатымен және Тілдер орталығымен бірігіп «Көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру» семинар циклі ұйымдастырылды. Бағдарлама Тілдер орталығында қазақ тілінен білім сапасы мен оқыту тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шынайы әлеуеті бар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ішінен лайықты орынға ие болған жоғары оқу орны. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында академиялық ұтқырлықты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Институт республикамыздың он үш жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтастық орнатқан.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында (ҚМПИ) екінші жыл қатарынан белсенді жалғасуда. Институт студенттері Қазақстанның жоғары оқу орындарына ғана емес, сондай-ақ алыс және жақын шет елдердің танымал оқу орындарында білімдерін шыңдауда. Бағдарламаны толығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады. Бағдарламаны толығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады.
2013 жылдың 24 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында кафедралардың оқу үрдісінде пайдаланатын инновациялық технологиялардың көрмесі өтті. Көрме жұмысына институт ректоры Баймырзаев Қ.М., оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Төлеген М.Ә., академиялық жұмыстар жөніндегі департамент бастығы Кифик Н.Ю., факультет декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
14 мамырда ҚМПИ-ның оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры М.Ә. Төлеген мен шетел тілдері факультетінің деканы Е.Л. Дорошок көптілділік орталығында ағылшын тілі сабағына қатысты. Бұл жерде сабақтар аптасына екі сағаттан 3 топқа өткізіледі