«Көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру»

17.02.20142014 ж. 14-17 қаңтар аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында шетел тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кабинеті ШТФ деканатымен және Тілдер орталығымен бірігіп «Көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру» семинар циклі ұйымдастырылды. Бағдарлама Тілдер орталығында қазақ тілінен білім сапасы мен оқыту тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Семинарға қатысушылар шетел тілдері мен практикалық лингвистика кафедраларының оқытушылары болды. Фонетика, лексика, грамматика және тыңдылымға оқыту бойынша мастер-класстарды ҚМПИ профессоры Оспанова А.С., п.ғ.к., кафедра меңгерушісі Кудрицкая М.И. және аға оқытушылар Жакебаева М.Г., Жакыпжанова Г.С., Жұмашев М.Д., Кудрицкая Е.А. өткізді. Семинар қорытындысы бойынша Тілдер орталығында қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешені шығарылады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс «Көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру»